1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer

«Болашақ» университеті

 

«Болашақ» университеті – Қазақстан Республикасының аймақтық білім және мәдениет орталығы.

 

Университетте білім беру ісі 42 бакалавриат, 6 магистратура мамандықтары бойынша 2 факультетте, 7 кафедрада, 32 мамандық бойынша университет колледжінде және 6 медициналық мамандық бойынша «Болашақ» медициналық колледжінде жүргізіледі. «Болашақ» университетінің бүгінгі таңдағы миссиясы – отандық ғылымның алдыңғы қатарында болып, егемен еліміздің экономикасына ең жақсы кадрлар даярлау.

«Болашақ» университеті

Күнтізбе

<< < Тамыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Талапкер 2018

Студенттер назарына

platonus

nu
enu
global
 

«Болашақ» жастары


Жаңалықтар

Президенттік мемлекеттік стипендия иегерін құттықтаймыз

 

 

Қуанышты хабар: «ҚР Президентінің 2018 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары арасында бөлу туралы» ҚР БжҒ министрлігінің бұйрығы бойынша «Болашақ» университетіне 1 орын бөлінді. Университет Ғылыми Кеңесі шешімімен ректор бұйрығымен Президенттік стипендия иегері болып «Қаржы» мамандығының 3 курс студенті Мұса Наргиз иеленді.

Оқу ісі және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор, п.ғ.к. Н.Ж.Ибрагимова:

Біз Наргизге оқуда табыс, өз мамандығының білікті маманы болып шығу жолында қажымас қайрат пен шығармашылық ізденіс тілейміз. Студенттеріміздің жоғарғы деңгейде конкурстар мен олимпиадалардан жүлделі орын алуы, Президенттік стипендия иегері болуы Университетіміз үшін үлкен қуаныш. Сондықтан, үздік оқитын және белсенді студентерімізді осындай жеңістерге жету үшін университет өміріне белсенді ат салысып, білім сайыстарына қатысып, ғылыми жобаларда жеңімпаз болу үшін еңбек етуге шақырамын.

Толығырақ...

«Болашақ» ҒЗИ және БАҚ: сәуір

Сәуір айында «Болашақ» ҒЗИ жанындағы орталық мүшелерінің бірнеше мақалалары республикалық, облыстық және қалалық басылымдарда жарық көрді:

Насимов М.Ө. Танымды кеңейтетін таңдаулы оқулықтар // Ақмешіт апталығы. – 2018. – 14 сәуір.

Насимов М.Ө. Алғашқы жұмыс нәтижесін жылы қабылдады. Электрондық ресурс: http://www.syrboyi.kz/negizginews/19676-alashy-zhmys-ntizhesn-zhyly-abyldady.html

Паридинова Б.Ж. Жаңа гуманитарлық білім беруде жемісін көреміз. Электрондық ресурс: http://www.syrboyi.kz/negizginews/19675-zhaa-gumanitarly-blm-berude-zhemsn-kremz.html

Паридинова Б.Ж. Таным көкжиегін кеңейтеді // Егемен Қазақстан. – 2018. – 18 сәуір.

Электрондық ресурс: https://egemen.kz/article/167661-audarma-zhu%C2%ADmys%C2%ADtary-ghylymi-izde%C2%ADnis%C2%ADterge-koemek-beredi-botagoez-paridinova

Толығырақ...

«Болашақ» университетінде «Ғылыми жобалар бойынша гранттық қаржыландырудың конкурстық құжаттарын әзірлеу» тақырыбында семинар өтті

 

Жақында «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты «Ғылыми жобалар бойынша гранттық қаржыландырудың конкурстық құжаттарын әзірлеу» тақырыбында семинар өткізді. Семинар жұмысына «Болашақ» университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттары, «Болашақ» университетінің колледжі мен «Болашақ» Медициналық колледжінің оқытушылары қатысты.

Семинар барысында конкурстық құжаттарды әзірлеу процестерінің барлық кезеңдері анықталды. Ғылыми жобалар бойынша гранттық қаржыландырудың конкурстық құжаттарын әзірлеу барысындағы қатысу өтінімінің мазмұны мен нысанына, ортақ қаржыландыру көлемі мен шарттарына қойылатын талаптар, әлеуетті орындаушыға қойылатын біліктілік талаптары бойынша ақпараттар беріліп, конкурсқа қатысу өтінімін ұсыну тәртібі бойынша кейбір ұсынымдар жасалды.

Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. «Болашақ» ҒЗИ семинар жұмысын «Болашақ» университеті колледжімен бірлесе отырып өткізді. Семинарды «Болашақ» ҒЗИ директоры, саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Ө. Насимов жүргізді.

 

«Егемен Қазақстан» газетіне жарияланды

 

 

«Егемен Қазақстан» газетінің ағымдағы жылдың 18 сәуіріндегі 73-ші санына философия магистрі, «Болашақ» университеті колледжінің директоры Б.Ж. Паридинованың «Таным көкжиегін кеңейтеді» атты мақаласы жарық көрді. Мақала авторы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы шеңберінде жарық көрген кітаптар жөнінде ой қозғайды. Толық материалмен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар:https://egemen.kz/article/167661-audarma-zhu%C2%ADmys%C2%ADtary-ghylymi-izde%C2%ADnis%C2%ADterge-koemek-beredi-botagoez-paridinova

 

«100 оқулық» ел игілігі жолындағы бірегей жоба

"Kazinform" Халықаралық ақпарат агенттігінің сайтына (17.04.2018 ж.) саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, "Болашақ" Ғылыми-зерттеу институтының директоры М. Ө. Насимовтың пікірі жарияланды. Ғалым ҚазАқпарат тілшісіне: «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бүгінгі буынның ойтанымын кеңейтіп, іргелі істердің ілгері басуына өз септігін тигізеді», - деп мәлімдеді. Толық материалмен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар: http://www.inform.kz/kz/100-okulyk-el-igiligi-zholyndagy-biregey-zhoba-sayasi-gylymdar-kandidaty-nasymov_a3221882

 

«Қызылорда облысында ақпараттық технологияларды дамытудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы дөңгелек үстел

 

 

 «Кәсіпкерлік білім беру» факультетінің деканы, т.ғ.к., «Мұнай газ, құрылыс және экология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры М.Ә. Ембергенов 2018 жылдың 12 сәуірінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Қазақстан Республикасының Ғылым қызметкерлері күніне орай ұйымдастырған «Қызылорда облысында ақпараттық технологияларды дамытудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты. Дөңгелек үстел соңында Қызылорда облысының ғылымына сіңірген еңбегі үшін әріптесіміз «Қорқыт Ата алтын медалімен» марапатталды. Мұратбек Әбдікәрімұлына ғылыми және педагогикалық жұмысында шығармашылық табыс тілейміз.