1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer

«Болашақ» университеті

 

«Болашақ» университеті – Қазақстан Республикасының аймақтық білім және мәдениет орталығы.

 

Университетте білім беру ісі 42 бакалавриат, 6 магистратура мамандықтары бойынша 2 факультетте, 7 кафедрада, 32 мамандық бойынша университет колледжінде және 6 медициналық мамандық бойынша «Болашақ» медициналық колледжінде жүргізіледі. «Болашақ» университетінің бүгінгі таңдағы миссиясы – отандық ғылымның алдыңғы қатарында болып, егемен еліміздің экономикасына ең жақсы кадрлар даярлау.

«Болашақ» университеті

Күнтізбе

<< < Қазан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Талапкер 2018

Студенттер назарына

platonus

nu
enu
global
 

«Болашақ» жастары


Жаңалықтар

«Болашақ» ҒЗИ және БАҚ: наурыз

 

Наурыз айының басында облыстық «Сыр бойы» газетінің электронды нұсқаларында «Болашақ» ҒЗИ жанындағы орталық мүшелерінің бірнеше материалдары жарияланды:Медетбаев Т. Келешегіміздің құқықтық кепілі. Электрондық ресурс: http://syrboyi.kz/negizginews/18274-keleshegmzd-yty-kepl.htmlНасимов М.Ө. Мемлекет тарихындағы маңызды бағдарлама. Электрондық ресурс:http://syrboyi.kz/negizginews/18489-memleket-tarihynday-mayzdy-badarlama.htmlПаридинова Б.Ж. Әлеуметтік жаңғыру негізі. Электрондық ресурс: http://syrboyi.kz/negizginews/18517-leumettk-zhayru-negz.htmlСонымен қатар, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің 2018 жылдың 29 наурызындағы санында «Болашақ» ҒЗИ директоры М.Ө. Насимовтың «Мемлекет тарихындағы маңызды бағдарлама» атты мақаласы жарық көрді: https://egemen.kz/article/166688-m-nasimov-memleket-tarikhyndaghy-manhyzdy-baghdarlama

Толығырақ...

Латын әліпбиіне көшу-заман талабы

 

 

 

 

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Болашақ» университеті мен А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханасымен «Латын әліпбиіне көшу-заман талабы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға ҚМУ-ті қазақ тілі әдебиеті мен журналистика кафедрасының аға оқытушысы, фиология ғылымының кандидаты Болат Боранбай, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық филиалының төрағасы Аңсатов Садуақас Әбдіқадірұлы, «Болашақ»колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекмағанбетова Жазира және «Болашақ» университетінің оқытушылары қатысты.

 

«Молодой ученый» халықаралық журналы арнайы шығарылымының жаңа нөмірі жарық көрді

 

 

 

 

Ақпан айының соңында «Молодой ученый» (Қазан, Ресей) халықаралық журналы арнайы шығарылымының кезекті он жетінші нөмірі жарық көрді. Кезекті нөмірді «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институтының әлеуметтік-экономикалық және саяси зерттеулер орталығы ұйымдастырды.«Болашақ» университеті профессор-оқытушылар құрамы, студенттері мен магистранттарымен қатар, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы, Педагогикалық шеберлік орталығының Қызылорда филиалының ғалымдары мен студенттерінің ғылыми мақалалары жарық көрді. Жалпы бүгінгі күнге дейін арнайы шығарылымдардың он жеті нөмірінде барлығы 449 ғылыми мақала жарияланған.

 

«Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды

 

Өткен аптада Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің №569 Жарлығына өзгеріс енгізді. Жалпы еліміздің латын графикасына көшуі тілді жаңғырту бойынша маңызды қадам деп есептейміз. Қадам қазақ тілінің әлемдік білім, ғылым және ақпараттық кеңістікке бейімделуіне жол ашады. Сондықтан Елбасының бұл шешімі стратегиялық тұрғыдан еліміздің болашағы үшін маңызды. Осы арқылы Қазақстан халықаралық деңгейдегі қауымдастықтан өз орнын таба алады. Жаңа бекітілген әліпби бойынша пікірлер республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде тұрақты түрде жариялануда. Олардың арасында «Болашақ» университеті профессор-оқытушылар құрамы мүшелерінің көзқарастары бар екендігі қуантады.

 

Толығырақ...

Бұқаралық ақпарат құралдары «Болашақ» ғзи орталықтары туралы

 

 

2018 жылдан бастап «Болашақ» ҒЗИ жанындағы ғылыми-зерттеу орталықтары жұмыстарын белсенді түрде бастады. Саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Ө. Насимовтың «Сананы жаңғыртудың 6 бағыты: мәні, мазмұны және түсініктері» атты жаңа монографиясы ғылыми сілтемелердің Ресейлік индексі (РИНЦ) базасында индекстеле бастады.«Сыр бойының рухани мұрасы» жобасы бойынша алғашқы зерттеу жұмысы жарыққа шықты. Еңбек «Қазіргі Сыр бойы ақындар айтысындағы көркемдік ізденістер (2000-2014 жж.)» деп аталады. Кітап авторлары филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Т. Тайманова және филология ғылымдарының магистрі А.А. Жөкенова.«Болашақ» университететінің информатика, ақпараттық жүйелер және дизайн кафедрасы, «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы космосты зерттеу лабораториясы «Физикон» электронды аудиовизуалды бағдарламасы базасындағы компьютерлік модельдеудің барлық бөлімдері бойынша Физика «Механика, молекулярлық физика, электродинамика негіздері, тербелістер мен толқындар, кванттық физика» оқу-әдістемелік құралын шығарды. Жұмыс авторлары техника ғылымдарының кандидаты, профессор В.В. Свечников, магистрлер С.К. Еркебаева және Ә.Қ. Мырзанова.

Толығырақ...

Компьютерлік модельдеудегі жаңа қадам

 

 

 

«Болашақ» университететінің информатика, ақпараттық жүйелер және дизайн кафедрасы, «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы космосты зерттеу лабораториясы «Физикон» электронды аудиовизуалды бағдарламасы базасындағы компьютерлік модельдеудің барлық бөлімдері бойынша Физика «Механика, молекулярлық физика, электродинамика негіздері, тербелістер мен толқындар, кванттық физика» оқу-әдістемелік құралын шығарды. Жұмыс авторлары техника ғылымдарының кандидаты, профессор В.В. Свечников, магистрлер С.К. Еркебаева және Ә.Қ. Мырзанова.Университет студенттері оқу-ақпараттық сыныбында әзірленген құрал бойынша қауіпсіздік техникасы ережелері мен берілген ықтимал қателікті ескере отырып, физиканың барлық бөлімдері бойынша компьютерлік модельдеуді жүргізеді, есеп шығарады, үлгі бойынша жұмыстарды рәсімдейді, сабақ хаттамаларын құрып, сызбалар мен графикасын орындайды.

Толығырақ...