1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer

«Болашақ» университеті

 

«Болашақ» университеті – Қазақстан Республикасының аймақтық білім және мәдениет орталығы.

 

Университетте білім беру ісі 42 бакалавриат, 6 магистратура мамандықтары бойынша 2 факультетте, 7 кафедрада, 32 мамандық бойынша университет колледжінде және 6 медициналық мамандық бойынша «Болашақ» медициналық колледжінде жүргізіледі. «Болашақ» университетінің бүгінгі таңдағы миссиясы – отандық ғылымның алдыңғы қатарында болып, егемен еліміздің экономикасына ең жақсы кадрлар даярлау.

«Болашақ» университеті

Күнтізбе

<< < Қазан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Талапкер 2018

Студенттер назарына

platonus

nu
enu
global
 

«Болашақ» жастары


Жаңалықтар

Анталия аймағының 5 * қонақ үйлеріне жұмысқа тұрғызу және тәжірибе жинақтау

 2018 жылдың 22 ақпанында Болашақ Университетінде Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасы өкілдері мен Business and Travel Central Asia компаниясының өкілімен студенттердің кездесуі ұйымдастырылды. Аталған компания студент жастарды жұмыс визасымен ресми түрде Түркиядағы сәнді қонақүйде жұмыспен қамтамасыз етеді, тағылымдамадан өткізіп, сертификат береді. Компанияның жоба менеджері Мырзабаева Балжан ТМД елдерінің жастарына жаңа мүмкіндіктер ашатын жобаның презентациясын ұсынды.Кездесуде Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасының адами капитал және әлеуметтік әріптестікті дамыту бөлімінің бастығы Ж.Б. Скакова, 1-ші санаттағы эксперт Г.Ш. Әлназарова, университеттің оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Н.Ж.Ибрагимова сөз сөйледі. Студенттер қызығушылық танытып, сұрақтар қойды және сұхбаттасуға жазылуға ниет білдірді.

Жаңа зерттеу жұмысы жарық көрді

 

 

 

Өткен жылдың соңында «Болашақ» университетіндегі «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанынан «Руханият» ғылыми-зерттеу орталығы ашылған болатын. Орталықтың мүшелері қатарына университеттің филология және журналистика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы енді.2018 жылы орталық екі жобаны қолға алды: «Сыр бойының рухани мұрасы», «І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясындағы мақал-мәтелдердің ағылшын тіліне аударылуы». Ғылыми-зерттеу тобы өз жұмысын белсенді түрде бастады.Жақында «Сыр бойының рухани мұрасы» жобасы бойынша алғашқы зерттеу жұмысы жарыққа шықты. Еңбек «Қазіргі Сыр бойы ақындар айтысындағы көркемдік ізденістер (2000-2014 жж.)» деп аталады. Кітап авторлары филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Т. Тайманова және филология ғылымдарының магистрі А.А. Жөкенова.

Толығырақ...

Монография ресейлік базада индекстеле бастады

Жақында қызылордалық жас ғалым, «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институтының директоры, саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Ө. Насимовтың «Сананы жаңғыртудың 6 бағыты: мәні, мазмұны және түсініктері» атты жаңа монографиясының жарық көргендігі туралы айтқан болатынбыз. Бүгінде аталмыш монография ғылыми сілтемелердің Ресейлік индексі (РИНЦ) базасында индекстеле бастады.РИНЦ – бұл ғалымдардың 12 миллионға жуық жарияланымдарын біріктірген, ғылыми сілтемелер мәліметтерін қалыптастыратын Ресейдегі ұлттық библиографиялық база. Бұл жобаны 2005 жылдан бастап «Ғылыми электронды кітапхана» (elibrary.ru) жүзеге асырып келеді.Аталмыш базада М.Ө. Насимовтың ғылыми еңбектері 2013 жылдан бастап индекстеле бастады. Бүгінде жас ғалымның 57 жарияланымын «elibrary.ru» Ғылыми электронды кітапханасынан табуға болады, оның ішінде 3 монография, 7 оқу және оқу-әдістемелік құралдар бар.

 

«Болашақ» университетінің студенттері үшін мастер класс өтті

 

 

 

 

 

2018 жылдың 8 ақпаны күні «Болашақ» университетінің студенттері үшін “GRAND master” бағдарламалу мектебінің директоры А.Қуанышбаев «Төртінші өндірістік революция» тақырыбында мастер-класс өткізді. Онда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауын жүзеге асыру бағытыттарын нақтылай келе жастардың даму бағыттары айқындалды. Мастер класс соңында университет ректоры Ө.Умбетов сөз сөйлеп, студенттерге сертификаттар тапсырылды.

 

«Адами капитал жаңғыру негізі» мақаласы жарық көрді

 

 

Қызылорда облыстық «Сыр бойы» газетінің 27 қаңтарындағы 14-15 санына саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Болашақ» Ғылыми-зертттеу институтының директоры М.Ө. Насимовтың «Адами капитал жаңғыру негізі» тақырыбындағы мақаласы жарық көрді. Мақала мазмұнымен мына сілтеме арқылы танысуға болады: http://syrboyi.kz/bilim/17221-adami-kapital-zhayru-negz.html

 

«БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚАЛА БАҒЫТЫМЕН» МАҚАЛАСЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

 

 

 

 

 

Қызылорда облыстық «Сыр бойы» газетінің 23 желтоқсанындағы 192-193 санына саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Болашақ» Ғылыми-зертттеу институтының директоры М.Ө. Насимовтың «Бағдарламалық мақала бағытымен» тақырыбындағы мақаласы жарық көрді. Мақала мазмұнымен мына сілтеме арқылы танысуға болады: http://syrboyi.kz/negizginews/16219-badarlamaly-maala-baytymen.html