1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer

«Болашақ» университеті

«Болашақ» университеті – Қазақстан Республикасының аймақтық білім және мәдениет орталығы.

Университетте білім беру ісі 42 бакалавриат, 6 магистратура мамандықтары бойынша 2 факультетте, 7 кафедрада, 32 мамандық бойынша университет колледжінде және 6 медициналық мамандық бойынша «Болашақ» медициналық колледжінде жүргізіледі. «Болашақ» университетінің бүгінгі таңдағы миссиясы – отандық ғылымның алдыңғы қатарында болып, егемен еліміздің экономикасына ең жақсы кадрлар даярлау.

«Болашақ» университеті

Күнтізбе

<< < Қазан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Талапкер 2018

Студенттер назарына

platonus

nu
enu
global
 
«Болашақ» жастары

Жаңалықтар

«Бізден сізге күлкі» атты тренинг

7.12.2017ж – «Бізден сізге күлкі» атты тренинг

Жас ғалымның жаңа монографиясы жарық көрді

Жақында саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институтының директоры М.Ө. Насимовтың «Сананы жаңғыртудың 6 бағыты: мәні, мазмұны және түсініктері» атты жаңа монографиясы жарық көрді. Ғылыми монографияда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұсынылған тұтас қоғамның және әрбір қазақ­стан­дықтың санасын жаңғыртудың 6 бағытының мәні, мазмұны және түсініктеріне сараптама жүргізіледі.Монография алты бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде бәсекелік қабілеттің негізгі белгілері мен ерекшеліктері айқындалады. Екінші бөлімі прагматизм ұғымының ғылыми түсініктеріне арналған. Үшінші бөлімде ұлттық бірегейліктің мәні мен түсініктері сарапталады. Төртінші бөлімде білімнің салтанат құруы мәселелері қарастырылады. Бесінші бөлім қоғамның эволюциялық дамуының жалпы көріністерін анықтайды. Ал, алтыншы бөлімінде сананың ашықтығы әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бағыты ретінде айқындалады.

Берілген монография «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институтының әлеуметтік-экономикалық және саяси зерттеулер орталығында орындалды. Пікір берушілер алқасында саяси ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының профессоры С.Ш. Мұсатаев, саяси ғылымдарының докторы, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Ә.С. Қайдарова, тарих ғылымдарының докторы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Т.Я. Сәтбай секілді танымал ғалымдар бар.

Ғылыми монография Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолдауымен жарық көріп отыр.

Бұл жоба аясында біз өмірде жеңімпаздар қатарында боламыз!

 «Есеп және Аудит»  мамандығының УА-15 тобының студенттері «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ ұйымдастырып жатқан Ұлттық инновациялар конкурсының «Студенттер арасындағы ең үздік инновациялық жоба» номинациясына өтінім берді.  Олар «Кәсіпкерлік арқылы білім алу» жобасын ұсынды.

Жоба мақсаты:  студенттердің барынша өз қабілеттерін ашуына мүмкіндік жасап, сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға жағдай жасау.

Университет базасы аясында Жас кәсіпкерлер мектебі типтес оқу центрін  ашу арқылы студенттерді өз кәсіптерінің қыр-сырымен таныстырып көзделеді.

Нақты  компания-ментор, Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, студенттерге « тәлімгер»  болуға келісім берді. Компания-ментормен оқыту барысында үнемі байланыс жасау студенттерге теория мен практиканы ұштастырып, ЖОО орнында алған теориялық білімнің не үшін қажет екенін түсінуіне көмектседі.«Студенттер арасындағы ең үздік инновациялық жоба» номинациясына жоғары оқу орындарының өтінім берген кездегі жастары 25-ке (қоса алғанда) дейінгі студенттері қатыса алады.

Номинацияның мақсаты – жастарды ғылым және өнертапқыштықпен айналысуға ынталандыру, өнертапқыштықтың мамандық ретіндегі маңыздылығын арттыру, жас стартаперлерді жігерлендіру, оларды өнімнің нарыққа өтуіне даярлау.

Конкурстың осы номинациясы бойынша қойылатын талаптар – осы номинацияға қатысу үшін студенттер өзінің жобасы туралы ұзақтығы 2,5 минуттан аспайтын бейнеролик түсіріп, YouTube порталына орналастырып, сайтта онлайн өтінім берген кезде сілтемесін көрсетуі тиіс.

Жеңімпаздарды бағалы сыйлықтар күтуде:

1 орын – 1 500 000 теңге;

2 орын – 1 000 000 теңге;

3 орын – 700 000 теңге.

Студенттердің «Кәсіпкеерлік арқылы білім алу» жобасымен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.youtube.com/watch?v=V0pGWP0j-Mg&feature=youtu.be

Біз университетіміздің студенттеріне Жеңіс тілейміз!

«ICE CREAM SHOW»І курс студенттері арасында сайыс

06.11.2017ж – І курс студенттері арасында алғаш рет «ICE CREAM SHOW» атты сайыс өткізілді. Оған 4 команда қатысып өз өнерлерін көрсетті.

Инновациялық оқу-әдістемелік семинар өз жұмысын бастады

         2017 ж. 16 қазанда  универитет мәжіліс залында инновациялық оқу-әдістемелік семинар өткізілді. Семинар «Студентке орталықтандырылған оқыту, білім беру және бағалау: принциптері және технологиялары» тақырыбында өткізілді.Университеттің оқу ісі және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Н.Ж. Ибрагимова төмендегі тақырыптарда презентация жасады:

1)Студентке орталықтандырылған оқыту, білім беру және бағалау: негізгі принциптері, параметрлері, шарттары.

2)Құзыреттілік және студентке орталықтандырылған білім беру негізінде оқу бағдарламаларын әзірлеу логикасы.Семинарда  оқытушылар студентке орталықтандырылған оқытудың ерекшеліктері, негізгі принциптері мен оқытуда пайдаланылатын әдістерімен танысып, оны жүзеге асыру жолдарын талқылады.Сонымен қатар, оқу бағдарламаларын студенттердің қоғамға қажетті құзіреттіліктері негізінде әзірлеу жолдары талқыланды.Семинар соңында Студентке орталықтандырылған оқытуды жүзеге асыруға қажетті құралдар ретінде оқытушылардың интернет сервистерін оқытуда пайдалану мүмкіндіктерін арттыру мақсатында біліктілікті арттыру курсынының бағдарламасы ұсынылды

Студентке орталықтандырылған оқыту, білім беру және бағалау: принциптері және технологиялары

2017 ж. 5 қазанда Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚА-IQAA) Еуропадан келген халықаралық сарапшылардың, Назарбаев Университетінің қауымдастырылған профессорларының және Алматы менеджмент университеті өкілдерінің қатысуымен «Студентке орталықтандырылған оқыту, білім беру және бағалау: принциптері және технологиялары» атты кезекті халықаралық оқыту семинарын өткізді.Шараға 51 жоғары оқу орнынан, 12 ғылыми-зерттеу институттарынан және 2 колледжден жалпы 115 адам қатысты. Семинардың ашылу салтанаты БСҚА президенті, профессор, п.ғ.д., Ш.М. Каланованың кіріспе сөзімен басталды.

Семинар жұмысына «Болашақ» университетінен оқу ісі  ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор Н.Ж.Ибрагимова қатысты.

Пленарлық мәжілісте төмендегі баяндамалар тыңдалды:

1) БСҚА-IQAA президенті, профессор, п.ғ.д., Ш.М. Каланова

Баяндама тақырыбы: «Студентке орталықтандырылған оқыту, білім беру және бағалау: негізгі принциптері, параметрлері, шарттары».

2) Профессор Эрик Фромент, жоғары білім беру саласындағы халықаралық сарапшы, Университеттердің Еуропалық қауымдастығының (EUA) президент-құрылтайшысы, Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандыру Еуропалық тізілімі (EQAR) комитетінің экс-төрағасы, Лион университетінің (Люмьер Лион 2) экс-президенті (Франция).

Баяндама тақырыбы: «Студентке орталықтандырылған оқытуды Еуропаның жоғары білім беруінде жүзеге асыру».

3) Лукас Бишоф мырза, жоғары білім беру саласындағы халықаралық сарапшы (Германия), Экономика жоғары мектебінің кеңесшісі және ғылыми қызметкері (Мәскеу қ.). 

Баяндама тақырыбы: «Құзыреттілік және студентке орталықтандырылған білім беру негізінде оқу бағдарламаларын әзірлеу логикасы».

4) Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің қауымдастырылған профессоры, Сулушаш Керимкулова.

Баяндама тақырыбы: «Студентке орталықтандырылған оқыту, білім беру және бағалау жүйесіндегі интерактивтік технологиялардың мүмкіндіктері».

5) Арын Әсел Арынқызы, «Алматы менеджмент университеті» білім беру мекемесінің өкілі

Баяндама тақырыбы: «Студентке орталықтандырылған оқыту барысындағы заманауи оқытушы».  

Семинардың толық бағдарламасымен осы сілтеме арқылы танысуға болады: http://iqaa.kz/kz/item/1961-studentke-ortaly-tandyryl-an-o-ytu-bilim-beru-zh-ne-ba-alau-printsipteri-zh-ne-tekhnologiyalary-atty-kezekti-khaly-araly-o-ytu-seminary-tkizildi