1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer

«Болашақ» университеті

 

«Болашақ» университеті – Қазақстан Республикасының аймақтық білім және мәдениет орталығы.

 

Университетте білім беру ісі 42 бакалавриат, 6 магистратура мамандықтары бойынша 3 факультетте, 7 кафедрада, 32 мамандық бойынша университет колледжінде және 6 медициналық мамандық бойынша «Болашақ» медициналық колледжінде жүргізіледі. «Болашақ» университетінің бүгінгі таңдағы миссиясы – отандық ғылымның алдыңғы қатарында болып, егемен еліміздің экономикасына ең жақсы кадрлар даярлау.

Болашақ университеті

  • Мақсат-міндеттер

    Білім беру сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың қазіргі принциптері мен ұстанымдарының...

  • Біліктілікті көтеру

    Білімді ғылыммен ұштастыру мақсатында Қазақстандық, алыс және жақын шетелдердегі жоғары оқу...

  • Ғылыми зерттеулер

            Ғылыми-зерттеу жұмыстары университеттің перспективалық және жылдық жоспарына сәйкес жаратылыстану-техникалық,...

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Студенттердің назарына

platonus

nu
enu
global
 

Валюта бағамы

Болашақ жастары

  • Студенттік өмір

    «Болашақ» университеті – бұл, Қазақстанның 50 дамыған елдің қатарына қосылу мақсатында,...

  • Жастар ісі жөніндегі комитет

    Университеттің Жастар ісі жөніндегі комитеті (ЖІК) - мемлекеттік жастар саясатын университет...

  • Студенттік парламент

    Студенттік парламент негізгі мақсаты: Университет жастарын белгілі бір бағыттар бойынша жұмыс атқаруына ықпал...

Ауа-райы болжамы


Жаңалықтар

«Болашақ» университетінің музейі ашылды

 

Университеттің 20 жылдық мерейлі мерекесіне орай, университет тарихы мен жеткен жетістігі жан-жақты  қамтылған «Болашақ» университетінің музейі ашылды.

Университет музейі 6 бөлімнен тұрады. Мұнда университеттің қалыптасу тарихындағы маңызды құжаттар мен материалдар, кафедралар мен колледждер тарихы, студент-жастардың жетістіктері қамтылған экспонаттар қойылды. 

«Болашақ» университетіне 20 жыл

 

Елімізге белгілі оқу орындарының біріне айналған «Болашақ» университетіне биыл 20 жыл. Аз ғана уақыт ішінде талай белестерді бағындырған білім ордасының бүгінде беделі жоғары.

1995 жылы Мәскеу Халықаралық бизнес және ақпараттық технологиялар университетінің филиалы ретінде ашылған «Болашақ» университетінің тарихы бастау алды. Араға 20 жыл салып, өзінің мерейтойын университет ұжымы зор жетістіктермен қарсы алды.Университет 20 жылдығына республиканың барлық аймағынан қонақтар қатысты. Мерекелік шараға байланысты халықаралық ынтымақтастықта жетістіктерге жетіп отырған әріптестерден жедел хаттар түсті.

«Cынық терезе» атты дөңгелек үстел

     Қалалық  ішкі саясат бөлімі және «Болашақ жастары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен университетімізде «Сынық терезе» атты дөңгелек үстел өткен болатын. «Болашақ жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бауыржан Қайырбекұлы Мастеков қала аумағындағы құқықтық тәртіп пен қылмысқа қарсы күресті күшейту, қылмыстардың алдын алу шаралары жайына тоқталды.  Дөңгелек үстел барысында заң бұзушыларға қарсы атқарып жатқан жұмыстары мен құқық бұзушылық профилактикасы, іс-шаралар жоспарының орындалуы, және оларды орындау кезінде  кездесіп жатқан қиыншылықтар жөніндегі баяндамалар тыңдалып талқыланды. Сонымен қатар, діни бағытттағы тәрбиелік мәні бар әңгімелер мен нақты мысалдар келтірілді.

Digitlife activ қолдауымен «болашақ» университетінде семинар

       Digitlife Activ   қолдауымен еліміздің  16 қаласында 150-ге жуық семинар тренинг өтті. Аталған шараның барысы Смартфон телефондардың PLAY MARKET  қосымшасындағы адам денсаулығына, сонымен қатар өмірлік тәжірибеге қажетті бағдарламалар жөнінде түсіндірме жүргізуге арналды. Бүгінде дәстүрге айналған семинар, киелі шаңырақ «Болашақ» университетіне де жетті. Семинар барысында түсіндірме жұмыстары мен қатар түрлі ойындар ойнатылды. Қатысушы жастар қауымы айтылған ақпараттардың бұрын соңды естілмеген тың дүниелер екенін және алдағы уакытта қолданатындарын айтады. Шара соңында белсенділер естелік суреттерге түсіп,  өз алғыстарын білдіріп жатты. 

Математика – ғылымдардың патшасы!

Математика – ғылымдардың патшасы! Бүгінде математиканың майын ішіп, биік шыңға жетіп жатқан азаматтар бар. Соның бірі Асқар Жұмаділдаев. Белгілі математик жастарға арнайы байқау ұйымдастырып, жас математиктерді қуантып келеді. Биылда байқау жеңімпаздары марапатталды. Жасұлан Рысқалиұлы «Болашақ» университетінің «Математика» мамандығының 1 курс студенті. Жас математик түрлі сайыстарда бағын сынап жүр. Биыл ол жыл сайын өткізілетін Асқар Жұмаділдаев атындағы конкурска қатысты. Нәтиже көңіл қуантарлықтай.

 

"Болашақ" университетінің ғылыми жетекшісі 70-тің белесіне жеткен Бақберген Сәрсенұлының мерейлі мерекесі

Қоғам қайраткері, «Болашақ» университетінің ғылыми жетекшісі 70-тің белесіне жеткен Бақберген Сәрсенұлының мерейлі мерекесі тойлануда. Осы уақыт аралығында еткен еңбек, қол жеткізген жетістіктер аз емес. Қызылорда қаласын көркейтіп жандандыру мақсатында жасаған игі істері үшін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мерейтой иесін арнайы құттықтады.

 

Толығырақ...