1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer

«Болашақ» университеті

 

«Болашақ» университеті – Қазақстан Республикасының аймақтық білім және мәдениет орталығы.

 

Университетте білім беру ісі 42 бакалавриат, 6 магистратура мамандықтары бойынша 2 факультетте, 7 кафедрада, 32 мамандық бойынша университет колледжінде және 6 медициналық мамандық бойынша «Болашақ» медициналық колледжінде жүргізіледі. «Болашақ» университетінің бүгінгі таңдағы миссиясы – отандық ғылымның алдыңғы қатарында болып, егемен еліміздің экономикасына ең жақсы кадрлар даярлау.

«Болашақ» университеті

Күнтізбе

<< < Тамыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Талапкер 2018

Студенттер назарына

platonus

nu
enu
global
 

«Болашақ» жастары


Жаңалықтар

ЖАРҚ ЕТКЕН ЖАС ҒҰМЫР

 

 «Болашақ» университетінің Студенттер сарайында университет түлегі, өңірдегі қазақша КВН ойындарының негізін салушылардың бірі Рүстем Балтабайұлын еске алуға арналған «Жарқ еткен жас ғұмыр» атты жайдарман кеші өтті. Аталған кешке университет оқытушылары мен студенттері, республикалық «Жайдарман» сайыстарының үздік ойыншылары, «Әзіл әлемі» театрының мүшесі Қанат Әлжаппаров және Рүстем Балтабайұлының жақындары қатысты.Шара барысында Р.Балтабайұлының алғыс хаттары мен костюмі университет музейіне табысталды.Бұл ойында «Қорқыт жастары», «Қоғалыкөл», «Тұңғыш Aстана», «Қармақшы құрамасы», «3/4», «Абылайхан», «КГЭК» командалары бақ сынады. Нәтижесінде «Болашақ» колледжінің «3/4» командасы көрерменнің қошеметі мен әділқазылардың бағалауы бойынша кубокты иеленді. 

 

«БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТТІ

 

 

 

 

 

Егемендіктің 25 жылдығыуниверситетте жоғары деңгейде аталып өтті. Мерейлі мереке қарсаңында ұйымдастырылған кеште оқу орнының білікті ұстаздары облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың, қала әкімі Н.М.Нәлібаевтың алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ, үздік оқытушылар мен белсенді студенттер «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы бірінші орынбасарының, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің, «Жас Отан» жастар қанатының басшылары ұсынған алғыс хаттарға ие болды.Кеш барысында «Кербез» би ансамблі, Қазанғап атындағы музыкалық колледж оркестрі, «Болашақ» университетінің өнерлі өрендері арнау оқып, ән-күйлерін тарту етті. 

ЖАСТАР ЕЛБАСЫ АУДИТОРИЯСЫМЕН ТАНЫСТЫ

 

 

 

«Болашақ» университетінің бірінші курс студенттері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаев аудиториясымен танысты.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы аудиториясы 2 жыл бұрын Тұңғыш Президент күніне орай ашылды. Аудиторияда 9 витрина орналасқан. Әр витрина Елбасының жастық кезеңі, еңбек жолы, сындарлы сәттерде қабылдаған шешімі туралы сыр шертеді.Сонымен қатар, ел дамуындағы айтулы оқиғалар мен Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен жүзеге асқан жобалар, атқарылған жұмыстар жайында жазылған мақалалар да витриналардан көрініс табады.Елбасы аудиториясын аралап, көшбасшының сара жолымен танысқан жастар қауымы кемел келешекке деген сеніммен алға қадам басуды мақсат етті. 

 

БАУЫРЖАН ОМАРҰЛЫ «МӘРТЕБЕЛІ МЕЙМАНДА»

 

 

Белгілі ғалым-журналист, публицист Бауыржан Омарұлы «Болашақ» университетінің «Мәртебелі мейман» өнер  жобасына қатысты. Жобаны университеттің ғылыми жетекшісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Бақберген Сәрсенұлы Досманбетов жүргізді.Шара барысында Б. Омаровтың ғылыми-публицистикалық еңбектері жайлы сөз болды. Көрермендер ғалымға сауалдар жолдап, пікір алмасты.Өнер жобасының соңында Бауыржан Омаровқа «Университеттің Құрметті профессоры» атағы берілді. 

ШӘҺИЗАДА ӘБДІКӘРІМОВ «МӘРТЕБЕЛІ МЕЙМАН» ӨНЕР ЖОБАСЫНДА

 

 

«Болашақ» университетінде «Мәртебелі мейман» өнер жобасы аясында Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, ақын Әбдікәрімов Шәһизада Өтетілеуұлымен кездесу өтті.Шәһизада Әбдікәрімовтің 60 жылдық мерейтойымен  тұспа-тұс келген мерекелік шараны университеттің ғылыми жетекшісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Бақберген Сәрсенұлы ашып беріп, тұлғаның жеткен жетістікері мен өнер жолы туралы әңгіме өрбітті. Ғұмырының ерекше сәттерімен бөліскен Шәһизада Өтетілеуұлы жүректен шыққан туындыларын барша көрерменге өз үнімен жеткізді.Студенттер ақынның жауһар жырларын оқып, көкейде жүрген сұрақтарын қойды. Кештің басты қонағы барша сұраққа салмақты оймен, саралы сөзбен жауап берді. Еркін пікір алмасқан бұл кездесу  жоғары деңгейде өтіп, өлеңсүйер көрерменнің көңілінен шықты.

 

УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТІ БОКСТАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

 

 

 

 

«Болашақ» университетінің студенті Нұржанат Тілеумбетова Атырау қаласында өткен Халықаралық турнирге қатысып, қола жүлдеге ие болды. Турнир Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және Хиуаз Доспановты еске алуға арналды. Екінші рет өткізіліп отырған турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан құрамалары келіп бақ сынады. Нұржанат Тілеумбетова қазіргі таңда қаламыздағы «Тарлан» бокс орталығында жаттығу жұмыстарын жүргізіп, арнайы бапкермен үздіксіз дайындық үстінде.