1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer

«Болашақ» университеті

 

«Болашақ» университеті – Қазақстан Республикасының аймақтық білім және мәдениет орталығы.

 

Университетте білім беру ісі 42 бакалавриат, 6 магистратура мамандықтары бойынша 2 факультетте, 7 кафедрада, 32 мамандық бойынша университет колледжінде және 6 медициналық мамандық бойынша «Болашақ» медициналық колледжінде жүргізіледі. «Болашақ» университетінің бүгінгі таңдағы миссиясы – отандық ғылымның алдыңғы қатарында болып, егемен еліміздің экономикасына ең жақсы кадрлар даярлау.

«Болашақ» университеті

Күнтізбе

<< < Қазан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Талапкер 2018

Студенттер назарына

platonus

nu
enu
global
 

«Болашақ» жастары


Жаңалықтар

«Қызылорда облысында ақпараттық технологияларды дамытудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы дөңгелек үстел

 

 

 «Кәсіпкерлік білім беру» факультетінің деканы, т.ғ.к., «Мұнай газ, құрылыс және экология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры М.Ә. Ембергенов 2018 жылдың 12 сәуірінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Қазақстан Республикасының Ғылым қызметкерлері күніне орай ұйымдастырған «Қызылорда облысында ақпараттық технологияларды дамытудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты. Дөңгелек үстел соңында Қызылорда облысының ғылымына сіңірген еңбегі үшін әріптесіміз «Қорқыт Ата алтын медалімен» марапатталды. Мұратбек Әбдікәрімұлына ғылыми және педагогикалық жұмысында шығармашылық табыс тілейміз.

Университетте дөңгелек үстел өтті

 

 

 

 

 

Ғылыми қызметкерлер күніне орай «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты «Қызылорда облысындағы ғылым мен білімнің инновациялық дамуындағы басым бағыттар» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелде «Болашақ» университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Ө.Ү. Үмбетов, «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институтының директоры, саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Ө. Насимов, филология және журналистика кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты С.Т. Тайманова және «ГМУ-16» оқу тобының студенті Н. Өскенбай негізгі баяндамалар жасады.Дөңгелек үстел соңында университет және колледж ғалымдары филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Т. Тайманова, филология ғылымдарының кандидаты Т.С. Медетбаев, тарих ғылымдарының кандидаты А.Т. Еспенбетова, магистрлер Р.К. Есенова және Қ.З. Қыпшакбаев облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

 

Халықаралық журналдың жаңа шығарылымы

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәуір айының басында «Болашақ» университетінің колледжі «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институтының қолдауымен «Молодой ученый» халықаралық журналының арнайы нөмірін шығарды. Бұл колледждің осы уақытқа дейін ұйымдастырған екінші нөмірі. Арнайы шығарылым шеңберінде «Рухани жаңғыру – табысты білім кепілі» тақырыбындағы ғылыми конференция өтеді. Журналда «Болашақ» университеті колледжінің оқытушылары, студенттерінің баяндамаларымен қатар, «Болашақ» университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті және А. Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінің ғалымдары мен студенттерінің мақалалары жарияланды.

Сырдың сұлу студент аруы – 2018

Қызылорда қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және «Болашақ» университетінің колледжі бірігіп ұйымдастырған «Сырдың сұлу студент аруы - 2018» атты байқауда университетіміздің намысын қорғап «Дефектология» мамандығының І – курс студенті Байзақ Шынар қатысып, жүлделі ІІ-орынға ие болды, сонымен қатар «Сыр Аруы-2019» байқауына жолдама алды.

 

 

Спартакиада жеңімпаздарымен танысамыз

 

 

«Болашақ» университетінің  ұйымдастыруымен 27.02-02.03.2018ж аралығында «Рухани жаңғыру» атты дәстүрлі студенттер спартакиадасы «Болашақ» университеті, «Болашақ» университетінің колледжі және «Болашақ» медецина колледжінің студенттері арасында өткізілді.  Спартакиадада спортшыларымыз 7 сайыс түрінен жарсқа түсті.

Жалпы командалық орында:

І орын – «Болашақ» университенің колледжі,

ІІ орын – «Болашақ» университеті,

ІІІ орын – «Болшақ» медицина колледжі иеленді

«Mister Bolashak-2018» байқауы

 

Университет студенттері арасында алғаш рет «Mister Bolashak-2018» байқауы өткізілді. Байқауға 1–2 курс студенттері қатысты. Жігіттер түрлі сайыстарда өз өнерлерін ортаға салды. Сайыстың қорытындысы бойынша:

Қайрат Аманкелді-Ф-16 оқу тобы- «Mister Bolashak -2018» "Тарлан" спорт орталығына 1айтық тегін СЕРТИФИКАТ

І орын - Өмір Əкежан-ОПД-17оқу тобы

ІІ орын - Болат Данияр-ФИС-17оқу тобы "Мұз айдыны" орталығына СЕРТИФИКАТ

ІІІ орын - Нұрғазы Бексұлтан-ФИС-17оқу тобы

"Көрермен көзайымы" - Қайрат Аманкелді

"Өнерлі жігіт" - Желдірбай Аян-ЮП-17оқу тобы

"Сері жігіт" - Абибулла Нұрахмет-ГМУ-17оқу тобы

"Дарынды жігіт" – Жеткерген Сабыр -АК-17оқу тобы -"Мұз айдыны" орталығына СЕРТИФИКАТ

"Білімді жігіт" - Мерек Ернұр-КЯ-17оқу тобы -"Мұз айдыны" орталығына СЕРТИФИКАТ