1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer

«Болашақ» университеті

 

«Болашақ» университеті – Қазақстан Республикасының аймақтық білім және мәдениет орталығы.

 

Университетте білім беру ісі 42 бакалавриат, 6 магистратура мамандықтары бойынша 2 факультетте, 7 кафедрада, 32 мамандық бойынша университет колледжінде және 6 медициналық мамандық бойынша «Болашақ» медициналық колледжінде жүргізіледі. «Болашақ» университетінің бүгінгі таңдағы миссиясы – отандық ғылымның алдыңғы қатарында болып, егемен еліміздің экономикасына ең жақсы кадрлар даярлау.

«Болашақ» университеті

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Студенттер назарына

platonus

nu
enu
global
 

Валюта бағамы

«Болашақ» жастары

Ауа-райы болжамы


Жаңалықтар

«Болашақ» университетінің студенттері «Cыр аруы – 2016» конкурсының жеңімпаздары атанды

Жақында Қызылорда қаласында қазақ қыздарына тән нәзіктік пен сұлулықты насихаттауға арналған облыстық «Сыр аруы – 2016» сұлулық конкурсы өткен болатын. Конкурсқа университетіміздің екінші курс студенттері Назерке Қали және Наргиза Әбдіғаппар қатысты.Қазылар алқасының шешімдеріне сәйкес нәтижелер көрсеткіші бойынша Н. Қали жүлделі ІІ, Н. Әбдіғаппар ІІІ орын иеленді.

«Жас отандықтар» конференциясы

Өткен аптада «Болашақ» университетінде «Жас отан» жастар қанатының кезектен тыс конференциясы өткізілді.Күн тәртібінде университеттегі бастауыш ұйымының төрағасын сайлау және жұмыс барысын талқылау тұрды. Нәтижесінде Г.М. Дулатова бастауыш ұйымның төрайымы ретінде бірауыздан сайланды. Осы уақытқа дейін жүргізілген жұмыстарға қанағаттанарлық баға берілді.Конференция жұмысына университеттің тәрбие жұмысы және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры М.Ө. Насимов және облыстық «Жас Отан» Жастар қанаты ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Т.О. Тілес  қатысты.

«Тәуелсіздік – тұғырым» сайысы өтті

«Болашақ» университеті мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті  студент жастар арасында «Болашақ» университетінің 20 жылдығы және тәуелсіздіктің 24 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тұғырым» атты жастар арасында ақындар айтысы мен жазба ақындар мүшәйрасы өтті.

Толығырақ...

Жат ағымға алданба

Желтоқсан айының 9-нда «Болашақ» университетінің Ғылыми Кеңес залында «Жат ағымға алданба» тақырыбындағы кездесу өтті.

Кездесуге облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысы Ж.Ә. Дәрібаев және орталық маманы С.М. Памбетов қатысты.Кездесу барысында дәстүрлі емес діни ағымдар ықпалының алдын алу жолдары, ғаламтордағы діни ағымдардан сақтану қажеттілігі туралы сөз болды. Кездесуді университеттің тәрбие жұмысы және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, саяси ғылымдарының кандидаты М.Ө. Насимов жүргізіп отырды.

«Болашақ» университетінің музейі ашылды

 

Университеттің 20 жылдық мерейлі мерекесіне орай, университет тарихы мен жеткен жетістігі жан-жақты  қамтылған «Болашақ» университетінің музейі ашылды.

Университет музейі 6 бөлімнен тұрады. Мұнда университеттің қалыптасу тарихындағы маңызды құжаттар мен материалдар, кафедралар мен колледждер тарихы, студент-жастардың жетістіктері қамтылған экспонаттар қойылды. 

«Болашақ» университетіне 20 жыл

 

Елімізге белгілі оқу орындарының біріне айналған «Болашақ» университетіне биыл 20 жыл. Аз ғана уақыт ішінде талай белестерді бағындырған білім ордасының бүгінде беделі жоғары.

1995 жылы Мәскеу Халықаралық бизнес және ақпараттық технологиялар университетінің филиалы ретінде ашылған «Болашақ» университетінің тарихы бастау алды. Араға 20 жыл салып, өзінің мерейтойын университет ұжымы зор жетістіктермен қарсы алды.Университет 20 жылдығына республиканың барлық аймағынан қонақтар қатысты. Мерекелік шараға байланысты халықаралық ынтымақтастықта жетістіктерге жетіп отырған әріптестерден жедел хаттар түсті.