1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer

«Болашақ» университеті

 

«Болашақ» университеті – Қазақстан Республикасының аймақтық білім және мәдениет орталығы.

 

Университетте білім беру ісі 42 бакалавриат, 6 магистратура мамандықтары бойынша 2 факультетте, 7 кафедрада, 32 мамандық бойынша университет колледжінде және 6 медициналық мамандық бойынша «Болашақ» медициналық колледжінде жүргізіледі. «Болашақ» университетінің бүгінгі таңдағы миссиясы – отандық ғылымның алдыңғы қатарында болып, егемен еліміздің экономикасына ең жақсы кадрлар даярлау.

«Болашақ» университеті

Күнтізбе

<< < Қараша 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Талапкер 2018

Студенттер назарына

platonus

nu
enu
global
 

«Болашақ» жастары


Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2016 жылдың жыл сайынғы ғылым саласындағыс ыйлығына ізденіс конкурсын жариялайды. Конкурс шарттарымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің ресми интернет ресурсында танысуға болады:

 

«Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды

Университет ректоры міндетін атқарушы, саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Ө. Насимовтың пікірі «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды.

 

«Мәңгілік ел жастары»

Қызылорда қоғамдық теледидарының университетте жаңа оқу жылының ашылуы туралы ақпараты

 

«Болашақ» университетінде жаңа оқу жылы басталды

 

«Болашақ» университетінде Білім күні және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтау рәсімі болып өтті. Аталған шараға университеттің ғылыми жетекшісі, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Досманбетов Бақберген Сәрсенұлы, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, ғылым магистрі Меңлібаев Еркебұлан Қайырбекұлы қатысып, университет ұжымы мен студенттеріне өздерінің жылы лебіздерін білдірді.Шараны университеттің ғылыми жетекшісі, академик Б.С. Досманбетов ашып, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, ата-аналар мен студенттерін жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Білім ордасының ғылыми жетекшісі атаулы күнмен құттықтай келе, үлкен  жетістіктер мен ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тіледі.Облыс басшылығы атынан сөз алған Е.Қ. Меңлібаев университет ұстаздары мен студенттерін жаңа оқу жылымен құттықтап, сәт сапар тіледі.

 

«Болашақ» университетінің түлектері диплом алды

 

 

 

 

30 маусымда «Болашақ» университетінің педагогика, филология және тарих, құқық, бизнес және ақпараттық технологиялар, мұнай, құрылыс және жаратылыстану факультеттерінің түлектеріне дипломдар беру салтанатты рәсімі болып өтті.Университет ректоры м.а., саяси ғылымдарының кандидаты Мұрат Насимов, Білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстары орталығы директорының орынбасары, PhD Салтанат Досманбетова, оқу ісі және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, филология ғылымдарының кандидаты Гүлжахан Снасапова және жастар ресурстық орталығының директоры, техника ғылымдарының магистрі Жасұлан Алдабергенов түлектерге құттықтау сөзін арнады. Бұл іш шарада барлық бітіруші мамандықтардың студенттеріне бакалаврды аяқтағаны жөнінде дипломдар мен белсенді студенттерге алғыс хаттар табыс етілді.

«Болашақ» университеті

       «Болашақ» университетінің Ғылыми жетекшісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Б.С. Досманбетов «Тәуелсіздік менің өмірімде» бағдарламасында: