1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer

Университеттің құрылуы мен қалыптасуы

Білім беру сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың қазіргі принциптері мен ұстанымдарының таратушысы ретінде Болашақ университеті қоғамның, мемлекеттің және жеке тұлғаның сапалы білім алу мүддесін қанағаттандыруды, жаңа формация мамандарын үздіксіз даярлаудың тиімді жүйесін жасауды өз қызметінің негізгі мақсаты деп санайды.

Бұған қол жеткізу үшін университет өзінің алдына мынадай мақсат-міндеттер қояды:

- оқу мазмұнын, түрлері мен мерзімін талдауды студенттер мен оқытушыларға кең мүмкіншіліктер бере отырып, білім беруді жүзеге асыру;

- оқылатын салаларда жаңа білімдерді, тенденциялар мен басымдықтарда және білімге деген қазіргі ұстанымдарды ескере отырып, білім беру процесінің оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етуді жетілдіру;

- университет оқытушыларының кәсіби білімі мен машықтарын үздіксіз жаңартып, тереңдетіп отыруға ықпал ету;

- оқытудың прогрессивті инновациялық формаларын, құралдары мен әдістерін қолдана отырып, оқытудың тиімділігін арттыру;

- университет профессор-оқытушылар құрамының еңбек жағдайларын жақсарту;

- студенттер мен оқушыларды қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етіп, жағдайларын жақсартуға ықпал жасау;

Сапа саласындағы саясатты жүзеге асыру және мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу, сапа жүйесін жасау, қолдау көрсету және жетілдіру арқылы қамтамасыз ету.