1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer

«100 НАҚТЫ ҚАДАМ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН»

Болашақ университетінде «100 нақты қадам – Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Дөңгелек үстелде жастарға «Біртектілік пен бірлік» институционалдық реформасы аясындағы бірнеше жобалар қатары түсіндірілді. Сонымен қатар қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, діннің тұрақтылығы мен ұлтараздылықтың елімізде белең алмауы және де алдын алу шаралары сөз болды. Одан әрі 86-қадамдағы  Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел - Үлкен отбасы» кең көлемді жобасын жүзеге асыруда азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыру үшін жасалған жағдайға тоқталды. Жиын соңында студенттер мен мамандар арасында пікір алмасты.