1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer

Университет тарихы

phasad«Болашақ» университеті 1995 жылы Мәскеу халықаралық бизнес және ақпараттық технологиялар университетінің Қызылорда филиалы ретінде Сыр бойы өңірінде ақпараттық технологиялар мамандарын, экономист-қаржыгер және заңгерлер даярлау мақсатында құрылды.

1999 жылы дербес Қызылорда экономика, статистика және информатика университеті болып қайта құрылды.

2001 жылы қоғамымыздағы жүріп жатқан түбегейлі өзгерістерге сәйкес жастардың мамандық таңдауындағы ұстанымдарына байланысты техникалық, педагогикалық және өнер мамандықтарына лицензия алынып, университет аты «Болашақ» болып өзгертілді.

«Болашақ» университетінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Мемлекеттік лицензиясының № 0137438 сериясы АБ, мерзімі шектелмеген. Лицензияны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылым саласындағы бақылау комитеті 2010 жылы 03 ақпанда Астана қаласында берілген.

Университетте білім беру ісі 42 бакалавриат, 6 магистратура және 29 орта кәсіптік білім мамандықтары бойынша 2 факультетте, 7 кафедрада және колледжде жүргізіледі. Қазіргі кезде жоғарғы оқу орнында 6000-нан астам студент білім алуда. Мамандар даярлау сапасын арттыру мақсатында университетте сапа менеджменті, кредиттік оқу жүйесі және оқытудың жаңа технологиялары енгізілуде. Университет қызметі үздіксіз білім беру мен оның сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Университетте және колледж жанында жұмысшы кадрларды даярлау және қайта даярлау орталығы жұмыс жүргізуде. Университетте аймақ, республика және әлемдік кеңістік экономикасының, ғылым мен мәдениетінің барлық салаларына арналған мамандар даярланады.