1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer

Ғылыми зерттеулер

        Ғылыми-зерттеу жұмыстары университеттің перспективалық және жылдық жоспарына сәйкес жаратылыстану-техникалық, экономикалық, физика-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар бағыты бойынша жүзеге асырылуда.

       Мемлекеттік және бюджеттен тыс қаржы көздері есебінен университетте іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізілуде. 2011-2014 жылдар ішінде 30 жұмыс қаржыландырылуда. Оның ішінде 7 жұмыс бюджеттік қаржы есебінен, ал 23 жоба бюджеттік емес қаржы көздерімен орындалуда.

       Университетте ҚР МЖМБС 5.03.011-2006 «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындарындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары. Негізгі ережелер» мемлекеттік құжатының 5.4 және 10.1 тармақтарының талаптарына сәйкес оқытушы-профессорлар құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстарының реестрі жасалған. Онда Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығында АҚ (АО НЦНТИ) мемлекеттік тіркеуден өткен 13 зерттеу бар.

       Жеке шаруашылықтар тарапынан қаржыландырылатын зерттеу жұмыстар саны – 10.

       Университетте қаржыландырылмайтын ғылыми зерттеу-зерттеу жұмыстары тақырыптарының есептік материалдары болып монографиялар, оқу-әдістемелік құралдар, патенттер, авторлық куәліктер, жарық көрген ғылыми мақалалар, қорғалған ғылыми диссертациялар, ғылыми диссертацияларға жетекшілік жасау, халықаралық ғылыми конференциялардың, симпозиумдар мен форумдардың   ұйымдастыру және бағдарламалық комитеттеріне мүше болу, халықаралық ғылыми журналдар редакциясы алқасының жұмысына қатысу т.б. табылады.

       Монография, оқу құралдары мен оқу-әдістемелік құралдар жазу мақсатында кафедраларда түрлі бағыттағы зерттеулер жүргізілуде.

       Кафедраларда оқу үдерісінде және тәжірибе бағдарламаларында ғылыми, оқу-әдістемелік зерттеулерді енгізу және дайындау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Профессор-оқытушылар құрамының айналысатын ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері дәрістерде, практикалық және семинар сабақтарында, білім алушылардың өзіндік, курстық және дипломдық жұмыстары мен студенттер, магистранттардың оқытушымен бірге жасайтын сабақтарында кеңінен қолданылады.

       Университет оқытушылары жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижелері оқу үдерісіне енгізіліп, актілермен расталған. Аталған жылдар ішінде жүргізілген зерттеу жұмыстарының жоспарлары мен есептері бар.

       Университет ғалымдары ұлттық, жергілікті кәсіптік ұйымдарда, альянстар мен қоғамдарда жарияланған ғылыми-техникалық бағдарламаларға, инновациялық жобалар конкурстарына үнемі қатысады. 2012 жылы жалпы соммасы 24 млн. теңгені құрайтын облыстық ауыл шаруашылық тауарларын өндіру ассоциациясы жариялаған инновациялық жоба конкурсының грантын алу үшін 2 тапсырыс берілді.

       2012 жылы инновациялық технологиялық өнімдерді құру және дамыту мақсатында ҚР БжҒМ Микробиология және вирусология институтымен бірлесіп ғылыми-зерттеу жасау үшін келісімге қол жеткізілді. Қазіргі таңда бұршақты дақылдарды егу және оны мал қоректендіруде пайдаланудың тиімді тәсілдерін қарастыру үшін микробиологиялық тектердің препараттарын қолданудың әдістемелік жұмыстары жүргізілуде.

Университет пен Қазақ күріш ҒЗИ, ҚР БжҒМ микробиология және вирусология Институты РМК «Қолданбалы микробиология» филиалы, сондай-ақ Қызылорда облысы бойынша табиғи ресурстар және табиғи ресурстарды реттеу Басқармалары арасында Меморандум бар. Меморандумның мақсаты  қызметтестіктің негізгі тетігі «Білім-ғылым-өнеркәсіп» жүйесі деген қағидаға сүйене отырып, өнеркәсіпте озық технологияларды дамытудың біріктірілген жүйесін құру, кадрлар, оның ішінде ғылыми кадрлардың біліктілігін арттыру, даярлау (қайта даярлау), студенттерді оқу-өндірістік тәжірибеден өткізу болып табылады.

       Университет өзінің профессор-оқытушылар құрамының ғылыми еңбектерін кеңінен насихаттау мақсатында шетелдік ғылыми-баспа орталықтарымен де тығыз байланыс орнатқан. Мәселен, 2013 жылы «Болашақ» университеті Чехияның Vědecko vydavatelské centrum «Sociosféra-CZ», s.r.o. орталығымен келісім-шарт жасасты. Келісім-шарт негізінде 2014 жылы 5 халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастыру жоспарланған.

       Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларды ұйымдастыру бойынша тиісті ақпараттық хаттар университет және ғылыми-баспа орталығының ресми сайттарында ғана емес, қызығушылық танытқан өзге де ақпараттық порталдарда жарияланған.

       2011-2014 жылдары университет профессор-оқытушыларының 100-ден аса ғылыми мақаласы шет елде жарық көрді: оның ішінде 40-қа жуық  ғылыми мақала журналдарда, 60-тан аса ғылыми мақала түрлі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар жинақтарында көрініс тапты. Мақалалардың басым бөлігі РИНЦ-ке тіркелген басылымдар екендігі жоғарыдағы мәліметтерден байқалады. Университет профессор-оқытушыларының рейтингісі жоғары, Scopus, Thomson Reuters базаларына тіркелген ғылыми журналдарға да мақалалары жарияланған. Бүгінде мұндай мақалалар саны 8-ге (барлығының Хирш индексі бар) жетіп отыр, оның ішінде 3 журналдың импакт-факторы бар.

       Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша зерттеушілердің зияткерлік меншігі мен авторлық құқықтарын қорғау құжаттарын (патент) алу үшін құжаттар әзірленіп, нақтырақ айтқанда, «Создание заводской линии Абыла мясо-шерстного направления породы казахский бактриан» тақырыбындағы авторлық коллективтің (Мұханов Н.Б., Омбаев А.М., Айтымбетов К., Мыханов Б.А., Жазылбеков Н.А., Маханбетов Д., Кішкенбаев Т.) шаруашылық келісім-шарт негізінде жасаған зерттеу жұмысы Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Интеллектуалдық меншік құқығы жөніндегі Комитетке қарасты Ұлттық зияткерлік меншік институты РМКК-ға жіберілді. Ғылыми жетекшісі: а.ш.ғ.к. Н.Б. Мұханов.

      2014 жылдан бастап (Куәлік №14158 – Ж, 13.02.2014 ж.) университеттің ғылыми-білім беру журналы «Болашақ» университетінің Хабаршысы» шығарылуда. Бұл журналда іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу нәтижелері, оқу-әдістемелік мақалалар, ғылымның басым бағыттары бойынша ұйымдастырылған конференция материалдары жарық көреді. Журнал тоқсанына 1 рет шығарылады. Оның алғашқы 2 саны 500 дана таралыммен үстіміздегі жылдың наурызы мен мамырында жарық көрді.

      2013 жылдың қорытындысы бойынша тәрбие ісі және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, саяси ғылымдар кандидаты, «Болашақ» университетінің 2003 жылғы түлегі М.Ө. Насимов Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым Министрлігінің ғылым мен техниканы дамытудағы жетістіктері үшін жас ғалымдарға тағайындаған стипендиясының (24 айлық көрсеткіш көлемінде) иегері атанды.

       Сондай-ақ В.В. Свечников 2011-2012 оқу жылында «Энергия и среда обитания» тақырыбында ұйымдастырылған Халықаралық ғылыми жобалар конкурсының ұлттық кезеңіне өткен мектеп оқушыларын дайындағаны үшін Норвегиялық табиғатты қорғау қоғамының Алғыс хатына ие болды.

       Университетте Жас ғалымдар кеңесі жұмыс істейді. Кеңес жас ғалымдардың кәсіби деңгейін көтеру және өзекті ғылыми мәселелер бойынша ізденіс жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ инновациялық жұмыстарды дамыту мақсатында құрылған. Кеңес өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, 2011 жылдың 18 ақпандағы ҚР «Ғылым туралы» Заңын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын», ҚР Президенті Н. Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауын, «Болашақ» университетінің Стратегиялық жоспары мен Жарғысын басшылыққа алады. 

       Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары біріккен оқу-тәрбие және ғылыми-инновациялық үрдістердің құрамдас бөлігін құрайтын ЖОО-да білікті мамандарды дайындаудың міндетті бөлінбес бөлігі болып табылады / ҚР МЖМБС 5.03.011-2006 «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындарындағы ғылыми зерттеу жұмыстары. Негізгі ережелер». / Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары – ғылыми жаңалықтардың жетістіктерін тәжірибелік әрекетте шығармашыл қолдана алатын, яғни экономика дамуының қазіргі заманғы жағдайларына жылдам бейімделе алатын, жоғары білімі бар мамандарды дайындаудың сапасын арттырудың маңызды құралдарының бірі.

       Университетте «Қолданбалы математика» (жетекшісі профессор Ш.Ш. Ибраев), «Қолданбалы экология» (жетекшісі Б.Ж. Бұрханов), («Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі», (жетекшісі С. Тайманова), «Криминалистика және сот сараптамасы» (жетекшісі Конысбаев Е.С.), «1С:Бугалтерия» (жетекшісі Райымбекова А.), «Микро-макроэкономика» (жетекшісі Абуов К.С.); «Қолданбалы педагогика және психология» (жетекшісі Оразалиева Р.), «Сыр өңірінің тарихы» (жетекшісі Тоқболат С.), «Студенттердің шығармашылығын дамыту орталығы» (жетекшісі Оразымбетова М.); «Әлемнің тілдік бейнесі» (жетекшісі Туребаева А.); «Жаратылыстану ғылымдары» (жетекшісі Н.Б. Муханов) сияқты студенттік зертханалар бар.

       Ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу студенттерді кәсіби пәнді терең меңгеруге, олардың ғылыми, техникалық және әлеуметтік дүниетанымын кеңейтуге, жаңа идеяларды өз бетінше игеруге, ғылыми ақпараттар тасқынында жедел әрі тиімді бағыт ұстануға бейімдейді. Сол себепті, университет студенттердің халықаралық, республикалық конференцияларға, олимпиадаларға, конкурстарға қатысуын үнемі қолдап келеді.

 

Fылым