1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer

«Болашақ» университеті

 

«Болашақ» университеті – Қазақстан Республикасының аймақтық білім және мәдениет орталығы.

 

Университетте білім беру ісі 42 бакалавриат, 6 магистратура мамандықтары бойынша 3 факультетте, 7 кафедрада, 32 мамандық бойынша университет колледжінде және 6 медициналық мамандық бойынша «Болашақ» медициналық колледжінде жүргізіледі. «Болашақ» университетінің бүгінгі таңдағы миссиясы – отандық ғылымның алдыңғы қатарында болып, егемен еліміздің экономикасына ең жақсы кадрлар даярлау.

Болашақ университеті

  • Мақсат-міндеттер

    Білім беру сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың қазіргі принциптері мен ұстанымдарының...

  • Біліктілікті көтеру

    Білімді ғылыммен ұштастыру мақсатында Қазақстандық, алыс және жақын шетелдердегі жоғары оқу...

  • Ғылыми зерттеулер

            Ғылыми-зерттеу жұмыстары университеттің перспективалық және жылдық жоспарына сәйкес жаратылыстану-техникалық,...

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2012 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Студенттердің назарына

platonus

nu
enu
global
 

Валюта бағамы

Болашақ жастары

  • Студенттік өмір

    «Болашақ» университеті – бұл, Қазақстанның 50 дамыған елдің қатарына қосылу мақсатында,...

  • Жастар ісі жөніндегі комитет

    Университеттің Жастар ісі жөніндегі комитеті (ЖІК) - мемлекеттік жастар саясатын университет...

  • Студенттік парламент

    Студенттік парламент негізгі мақсаты: Университет жастарын белгілі бір бағыттар бойынша жұмыс атқаруына ықпал...

Ауа-райы болжамы


Біліктілікті көтеру

Білімді ғылыммен ұштастыру мақсатында Қазақстандық, алыс және жақын шетелдердегі жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты кеңейту қолға алынған. Университеттің халықаралық қызметі әлемдік білім кеңістігіне енуге, ғылыми ынтымақтастыққа қол жеткізуге және университеттің халықаралық деңгейдегі мәртебесін көтеруге бағытталған.
ҚР МЖМБС 5.03.011-2006 «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындарындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары. Негізгі ережелер» мемлекеттік стандартына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес, «Болашақ» университеті профессор - оқытушылар құрамы мен білім алушыларының жүргізіп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстары жоғары білімді кәсіби мамандар дайындау үдерісінің құрамдас бөлігі болып табылады және білім мен ғылымның ықпалдасуын қамтамасыз етуге, жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындарымен, ғылыми - зерттеу орталықтарымен халықаралық байланысты нығайтуға бағытталған.
Білімді ғылыммен ұштастыру мақсатында университетте төмендегі ғылыми - зерттеу қызметімен айналысатын нысандар жұмыс істейді:
1. Ғылыми - зерттеу институты;
2. Ғарыштық ғылыми - зерттеу жұмыстары зертханасы;
3. Агробиотехнологиялар ғылыми зертханасы,
4. Әлеуметтік - экономикалық және саяси зерттеулер орталығы;
5. «Астаукөл» оқу-тәжірибелік және сауықтыру орталығы;
6. «Балжансай» агробиологиялық және ғылыми-тәжірибелік участогы;
7. Оқу ғылыми зертханалары;
8. Студенттік ғылыми зертханалар мен үйірмелер;
9. Жас ғалымдар Кеңесі.
Оқытушы-профессорлар құрамы айналысатын ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптары мен бағыттарын таңдау ғылыми кадрлар әлеуетімен, университеттің материалды-техникалық базасымен, сондай-ақ аймақта туындаған өзекті мәселелермен, жоғары білімнің сапасын арттырумен және мемлекеттің жаңа саясатының ерекшеліктерімен тығыз байланысты.
Университеттің ғылыми жетекшісі, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент- мүшесі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Б.С. Досманбетов 2013 жылдың 16-19 желтоқсан аралығында Европаның байырғы университі және ғылыми орталығы саналатын Ұлыбританияның Оксфорд университетінде іс сапармен болып, «Ғылым мен білім» атты халықаралық ғылымдағы көшбасшылар Саммитіне, яғни дүниенің түкпір-түкпірінен инвесторлар, университет ректорлары жиналатын жыл сайын өтіп тұратын ғалымдар форумына қатысып қайтты.
Саммиттің ұйымдастыру комитеті, яғни Европаның Ректорлар Клубы, Европалық бизнес Ассамблея, Халықаралық лидерлер Клубы (Оксфорд, Ұлыбритания), Сократ атындағы номинациялық комитет шешімімен Б.С. Досманбетов «Ғылымдағы есім» (The Name in Science) орденімен наградталып, оның есімі дүниежүізлік көрнекті ғалымдар реестріне енгізілді.
Жыл өткен сайын университеттің халықаралық ынтымақтастық шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстарының ауқымы кеңейіп келе жатыр. Алда үлкен межелер мен биік мақсаттар тұр. Ғылыми ынтымақтастықты дамыту мақсатында шетелдік жоғары оқу орындары және өзге де ғылыми - зерттеу орталықтарымен келісім-шарттар жасалған.
Ресей ғылым академиясының клеткалар биофизикасы институты, Ресей ғылым академиясының теориялық және эксперименталды биофизика институты және Пущин мемлекетттік жаратылыстану ғылыми институтымен бірігіп халықаралық жобаларға қатысу жоспарлануда.
Университет ғылым мен білім шеңберіндегі ынтымақтастықты дамыту мақсатында 11 отандық және 13 алыс, жақын шетелдік жоғары оқу орындары және ғылыми орталықтармен келісім шарт жасасқан.
Университет ПОҚ мен білім алушылары айналысатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын одан әрі жандандыру мақсатында еліміздің, жақын және алыс шетелдердің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары және ғылыми орталықтарымен ынтымақтасу, бюджеттік және жеке шаруашылық көздерінен қаржыландырылатын жобаларға қатысу, оқытушылар мен білім алушыларды ғылыми тағлымдамадан өткізу шараларын т.б. іске асыру көзделуде.