1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer

Жастар ісі жөніндегі комитет

Университеттің Жастар ісі жөніндегі комитеті (ЖІК) - мемлекеттік жастар саясатын университет деңгейінде жүзеге асырушы құрылымдық бөлімше. Комитет ректор, проректор алдында қызметтік талаптарды орындауға, республика, қала деңгейлеріндегі түрлі жастар ұйымдарымен тең дәрежелі әріптестік қатынас орнатып, факультеттердің белсенді студенттерімен бірлесе, сапалы қызмет атқаруға жауапты.

Комитеттің басты мақсаттары:

• Университетте әлемдік жастар саясатының жүзеге асуын қамтамасыз ету;

• Мемлекеттік маңызы бар құжаттардың, оның ішінде жастар саясатына тікелей қатысты «ҚР мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңының, ҚР Мемлекеттік жастар саясаты концепциясының іс жүзінде жүзеге асуын қадағалау;

• Университет студенттері арасында құқық бұзушылық фактілерінің алдын алу мақсатында іс шаралар кешенін жүргізу;

• Студенттер арасында өзара татулық пен келісімді орнықтыруға бағытталған ымыраластық көңіл күй орнату;

• Студенттерді оқу-тәрбие үдерісіне белсенді түрде араласуға тартып, факультеттерді әртүрлі мәдени ағартушылық іс шаралар өткізуге ынталандыру;

• Студенттердің ғылыми танымдық ой өрістерін дамыту мақсатында пәндік және тақырыптық олимпиадалар, ғылыми практикалық конференциялар ұйымдастыру;

• Түрлі бағыттағы байқаулар, конкурстар мен фестивальдер ұйымдастыру; ЖІК құқықтары: Жастар ісі жөніндегі комитет (бұдан әрі ЖІК )

• ЖІК отырысында студенттік декандардың, жатақханалардағы студенттік кеңестер басшыларының, қоғамдық бірлестіктердің үйлестірушілерінің есептерін тыңдауға, олардың қызметтік міндеттерін айқындауға, жұмыс жоспарларын бекітуге, қызметтік міндеттерін айқындауға, сонымен қатар жұмыс жоспарларын бекітуге, қызметтік нұсқаулар мен кеңестер беруге, әртүрлі ресми жағдайларда алғыс немесе сөгіс жариялауға;

• қалалық және республикалық деңгейде өз университетінің атынан өкіл ретінде қатысуға, жастар парламентінде, ректоратта, университеттің Ғылыми Кеңесінде, қабылдау комиссиясында университет жастарының атынан сөз алуға, атсалысуға, ұсыныстар мен өзгертулер енгізуге;

• өзге университеттердің жастар ісі жөнідегі комитеттерімен тығыз әріптестік байланыс орнатуға;

• ректордың алдында студенттерді марапаттау мен сыйақы тағайындау жөнінде, сонымен қатар, қажет жағдайларда әкімшілік шара қолдану жөнінде ұсыныс беруге;

• университеттің жастар саясатын тиімді жүргізу мақсатында ректоратқа ұсыныстар мен мәселелерді шешу жолдарын ұсынуға;

• қызмет барысында ректораттың, факультет деканаттарының құзырындағы қажетті ақпараттарды сұратуға, қызмет бабында пайдалануға құқылы.

ЖІК міндеттері:

1. ЖІК негізгі қызметін және күнделікті жұмысын университеттің тәрбие істері жөніндегі проректорының жетекшілігімен жүргізеді;

2. ЖІК өз қызметінде төмендегі нормативтік-заңдық құжаттарды басшылыққа алады:

  • ҚР Конституциясы,
  • «ҚР жастар саясаты туралы» Заңы,
  • ҚР Мемлекеттік жастар саясатының концепциясы,
  • университеттің Ғылыми Кеңесінің, ректораттың қабылдаған шешімдері,
  • Тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасының отырыстарында қабылданған қаулылар мен шешімдер.

3. ЖІК өз құзырындағы қаулылар мен әдістемелік кеңестер даярлау.

ЖІК құрылымы мен құрылым негізі:

1. Комитет белгіленген мерзімде жұмыс жоспарын, ережелерін, қаулыларын бекітеді және басшылыққа алады;

2. Комитет төрағасы (төрайымы) ректор бұйрығымен тағайындалады;

3. Төраға (төрайым):

- Комитетке жүктелген қызметтік міндеттерді өз мерзімінде, сапалы жүзеге асырады;

- Комитет құрылымындағы қызметкерлердің қызметтік міндеттерін толық түсіндіріп, қызметтерін сапалы үйлестіреді;

- Студенттік декандармен қызметтік байланыс орнатады;

- Қызмет барысында ректор тағайындаған ережелер шеңберіндегі қызметтік құқықтарды пайдаланады;

- ЖІК құрамында ЖІК төрағасы (төрайымы), салалық инструкторлар кіреді.

4. Өз жиналыстары мен ресми басқосуларында ЖІК құрамы жастар саясатына қатысты мәселелерді талқылайды, шешімдер мен қаулылар шығарады, ректоратқа ұсынылатын құжаттар даярлап, іс-шаралардың жоспарларын бекітеді;

5. ЖІК отырысында бекітілген қаулылар, нұсқаулықтар мен ішкі бұйрықтар факультеттердің студенттік (қоғамдық) деканаттарына орындауға міндетті құжаттар болып табылады.