1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer

Университеттің материалдық-техникалық базасы

 

 

 

 Университеттің материалдық-техникалық базасы университет Миссиясының мақсаттары мен міндеттеріне, санитарлық нормалар және өрт қауіпсіздігінің ережелеріне, жоғары кәсіби білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарына сәйкес келеді. Оның дамуы мен нығайтылуына үлкен мән беріледі, себебі білім беру үдерісінде материалдық-техникалық ресурстар көрсеткіштері ЖОО әлеуетін сипаттайды және оның орнықтылығы мен динамикалық дамуының кепілі болып табылады. Университетті техникалық, ақпараттық-технологиялық ресурстармен жабдықтау мен модернизациялау нығайтылып, нәтижесінде білім беру үдерісінің дамытылуы заманауи талаптарға сәйкестендірілген.

 

Университеттің материалдық-техникалық және әлеуметтік базасы компьютерлік желінің, лабораториялық және спорттық жабдықтардың, оқу және офистік жиһаздың, мультимедиалық және баспа жабдықтарының, оптикалық-талшықтық желілерді жүргізу, ғимараттың маңдай бетін қайта жаңғырту, оқу корпустары мен жатақханаға ағымдық және толық жөндеу жұмыстарын жүргізу есебінен модернизацияланады.

 

Университеттің  материалдық-техникалық базасын:

 

- 4 оқу ғимараты;

 

- 378 орындық секциялық типтегі Студенттер үйі;

 

- 2 спорт  зал;

 

- 2  компьютерлік  технологиялар орталығы;

 

- 2 асхана;

 

- 1 баспахана;

 

- 2 медициналық пункт;

 

- 2 кітапхана;

 

- Студенттер Сарайы;

 

- жұмысшы кадрларды дайындау және қайта даярлау орталығы;

 

- «Астаукөл» оқу-тәжірибелік және сауықтыру орталығы;

 

- «Балжансай»  агробиологиялық және ғылыми-тәжірибелік участогы;

 

- Ғылыми - зерттеу институты;

 

- Ғарыштық ғылыми - зерттеу жұмыстары зертханасы;

 

- Агробиотехнологиялар ғылыми зертханасы;

 

- Әлеуметтік-экономикалық және саяси зерттеулер орталығы құрайды.

 

2 ауысымда 1 студентке шаққандағы пайдалы оқу алаңы санитарлық нормаларға сәйкес келеді, яғни 6,0 ш.м. (бір студентке оқу алаңының  нормасы кемінде 6,0 ш.м. болуы тиіс) құрайды. Бұл Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары мен СНиП ІІ-68-78 «Құрылыс нормалары мен ережелері. Жоғары оқу орындары» және Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының 5.03.009-2006 «Жоғары оқу орындарының оқу-материалдық активтері. Негізгі ережелері» талаптарына сәйкес келіп, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындауға толық мүмкіндік береді.

 

Оқу үдерісінің материалдық-техникалық базасы үнемі толықтырылып отырады.       Барлық бакалавриат және магистратура мамандықтары оқу зертханалары мен кабинеттері, мультимедиалық сыныптар, электронды ресурстар залдарымен қамтамасыз етілген.

 

Оқу аудиториялары заманауи арнайы проекциялық, аудио және бейнетехникамен жабдықталған.   Оқу ғимараттарының дәрісхана қоры, оқу және ғылыми зертханалары, оқу  кабинеттері, спорт залдары, кітапхана, оқу залдары, асханалар, шеберханалар, студенттер жатақханасы т.б. оқу процесін қамтамасыз ететін  нысандар қолданыстағы санитарлық нормалар мен қағидалар талаптарын толық қанағаттандырады.

 

Білім алушыларға  аудандары 704,9 ш.м. және 245,0 ш.м. (жазғы) болатын 2 спорт залы (жалпы ауданы 949,9 ш.м.) қызмет етеді. Дене шынықтыру сабақтары күндізгі оқу бөлімінің 1-2 курс студенттері арасында жүргізіледі. Екі ауысыммен оқығанда спорт залдарының есептік аудан көлемі 1 студентке шаққанда 1,13 ш.м. құрайды. Бұл көрсеткіш СНиП ІІ-68-78 талаптарына сәйкес келеді (нормасы – 1 ш.м.).

 

Студенттер аудандары 240,0 ш.м және 90,8 ш.м болатын 240 орындық 2 асханамен (жалпы ауданы – 330,8 ш.м) қамтамасыз етілген. Оған қоса, басқа қалада тұратын студенттер үшін Абай даңғылы 31 А-да орналасқан 378 орындық секциялық типтегі жатақхана бар («Студенттер үйі»). Оның жалпы алаңы – 7937 ш.м.

 

Университетте жалпы алаңы 36,1 ш.м. құрайтын 2 медициналық пункт жұмыс істейді (Лицензия №00107DN, Берілген күні 13.08.2008 ж.). Оларда алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге арналған медициналық құрал-жабдықтар мен дәрілер бар. Медициналық қызметкерге оқу ғимараттарының санитарлық-гигиеналық жағдайын, университет асханаларының тамақ сапасын қадағалау мен салауатты өмір салтын насихаттап, тазалықты ұйымдастыру міндеттелген.

 

Университетте 1 типографиялық баспахана орталығы бар. Оның жылдық қуаттылығы 225 000 б.т. құрайды.

 

Университеттің ақпараттық жүйесі ақпаратты жаңарту, жинақтау, сақтау, өңдеу және оған қол жеткізу құралдарымен, технологияларымен қамтамасыз етілген ақпараттық ресурстар болып табылады. Электронды ақпараттық жүйе оқу және ғылыми мақсаттағы мәліметтер базасы, электронды кітапханалар, электронды тасымалдағыштардағы оқу құралдары, компьютерлік жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз ету, ұжымдық торап пен телекоммуникациялар ретінде танылады.

 

2008 жылдан бері университетте оқу үдерісін басқарудың ақпараттық жүйесі енгізілілген. Ақпарат алмасу мақсатында университеттің http://www.bolashak-edu.kz web-сайты Internet желісінде авторлық құқығы бар білім беру порталы ретінде қызмет етеді. Онда университет өмірінде болып жатқан жаңалықтар, конференциялар мен студенттік олимпиадалардың нәтижелері, конкурстар мен гранттар, академиялық мобильділік  т.б. туралы ақпараттар жарияланып отырады.

 

Оқу үдерісіне жаңа компьютерлік технологиялар енгізілген. Оның ішінде  Интернет, «1С:Бухгалтерия» бағдарламасы,  спутниктік теледидар, «Параграф» ақпараттық жүйесі, шетел тілдерін үйрететін бағдарламалар, AutoCad, Corel Draw, Page Maker, PhotoShop сияқты компьютерлік дизайн бағдарламалары, математикалық және экономикалық есептер шығаратын MatCAD т.б. бар.

 

Телекоммуникациялық торап жұмыс істейді.

 

«PLATONUS» жүйесінде әрбір білім алушы мен қызметкер жеке кабинетпен (дербес web парақша) қамтамасыз етілген. Аталған кабинетте олар өздеріне қажет ақпаратты ала алады. Қашықтықтан оқитын студенттердің кейстеріне қол жеткізуге, білімін тексеруге және on - line режимінде оқытушымен сұхбаттасуға мүмкіндігі бар. Білім алушыларды сессияаралық тестілеу жүйесі жолға қойылған.

 

Университетте білім беру үдерісін жаңа технологиялармен қамтамасыз ету арқылы ПОҚ пен қызметкерлердің еңбек өнімділігін арттыруға, оқытудың сапасын жақсартуға жағдай жасалуда.

 

Білім  беру  оқу  бағдарламаларын  іске  асыру  үшін  университетте  арнайы  мақсаттағы  оқу  кабинеттері (компьютерлік  сыныптар,  лингафон  кабинеттері),  сондай-ақ  мемлекеттік  жалпыға  міндетті білім  беру  стандартына  сәйкес  оқу-ғылыми  үдерісті  сапалы  жүзеге  асыруды  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік беретін бағдарламалық құралдармен, оқу жұмыс жоспарларымен және бағдарламалармен, оқу-әдістемелік  және  ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  жоспарларымен  және  басқа да  құжаттармен қамтамасыз етілген заманауи оқу зертханалары бар.

 

Оқу кабинеттерінде сабақ өткізу үшін интерактивті тақталар, мультимедиялық проекторлар, панорамалық экрандар орнатылған. Университеттің барлық бөлімшелері компьютер, принтер, аудио-видео, көшірме техникамен қамтамасыз етілген.

 

Кітапхана қоры ақпараттық  ресурстардың құрамдас бөлігі саналады және оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиетті, сондай-ақ заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді қамтиды.

 

Жоғары  білім беру бағдарламаларын  іске  асыру мақсатында университетте білім  алушылардың  электронды кітапханаларда орналастыратын халықаралық дереккөздерді қоса алғанда, кітапхана қорына, компьютерлік технологияларға, оқу-әдістемелік  және  ғылыми  әдебиетке, оқу,  ғылыми,  ақпараттық  деректер  базасына еркін қол жеткізуі қамтамасыз етілген.

 

Қазіргі таңда университет кітапханасы заманауи компьютерлік техникамен, жоғары жылдамдықты желісіз интернетпен жасақталған, тұтынушылардың жас ерекшеліктеріне қарамастан барлық санаттарына қызмет көрсететін  ақпараттық мәдени орынға айналып отыр.

 

Кітапханада 1 абонемент, 80 және 100 орындық 2 оқу залы, кітап қорларын сақтау  бөлмелері орналасқан. Оқу залдарында оқырмандарға 37 компьютер қызмет етеді. Олардың барлығы ғаламторға қосылған. Оған қоса, «Студенттер үйінде» 55 орындық оқу залы жұмыс істейді.

 

Кітапханадағы іскерлік кездесулер, конференциялар, семинарлар және басқа да шаралар конференц залда, лекция залында ұйымдастырылады.

 

Университет кітапханасының жалпы кітап қорында оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми басылымдар, көркем әдебиет, электронды оқулықтар, оқулықтардың электронды нұсқалары, авторефераттар мен мерзімдік басылымдар бар. Кітап қорын толықтыру университеттің басты мақсаттарының бірі саналады.

 

Университеттің оқу зертханалық қорын модернизациялау одан әрі жалғастырылуда.