1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer

Университет миссиясы

 

Университет миссиясы: ғылым, білім және инновациялардың өзара тығыз бірігу қағидалары бойынша жоғары білікті мамандар даярлауды жүзеге асыратын қазіргі заманғы ғылыми-білім беру ортасын қалыптастыруды жетілдіру.

Миссияның мазмұны:

-   білім беру үдерісіндегі барлық субъектілердің қатысуымен ғылымды дамыту және білім деңгейін арттыру;

-   Республиканың ғылыми және қоғамдық өмірінде, экономиканың маңызды салаларының қарқынды даму мәселелерін шешуге бағытталған, аймақтың интеллектуалды элитасы бола алатын, ерекше кәсіби білікті мамандар даярлау;

-   қазақстандық және аймақтық еңбек нарығының ғылыми негізделген  даму перспективалары мен мамандар даярлау бағдарламаларының үйлесімділігі арқылы бітірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету. Мамандар даярлауда білім берудің ұлттық моделінің талаптарына бейімделген, заманауи ақпараттық және педагогикалық технологияларды қолдану;

-    университеттің жеке капиталын арттыруды қамтамасыз ететін инновациялық ортадағы  нақты жұмыстар.