1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer

Университет мақсаттары мен міндеттері

 

Университет мақсаттары:

-  республика және аймақтағы жоғары білікті мамандарға сұранысты қанағаттандыру;

-    білім беруде жаңа ақпараттық технологияларды ауқымды ендіру мен ғылыми-зерттеу және оқу үдерісін біріктіруді күшейту жолдары арқылы мамандар даярлау сапасын арттыру;

-  жоғарғы кәсіби білім беру бағдарламаларын жетілдіру арқылы білім беру қызметінің әлемдік нарығында университет ұстанымын нығайту және  халықаралық білім беру кеңістігіне ену.

Университет міндеттері:

-     Білім беру қызметі нарығында университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін білімін үнемі жетілдіріп, озық идеяларды жүзеге асырушы мамандар даярлаудың бірыңғай ғылыми-білім беру кешені болып табылатын көпсалалы жоғары оқу орнын «Болашақ» университетінің базасында құру;

-    Озық тәжірибені жоғары білім мен ғылымның отандық әлеуетімен үйлестіретін, республиканың және аймақтың білім беру кеңістігінде ЖОО-ның бірігуі мен аймақтың әлеуметтік-мәдени дамуын, индустриалды-инновациялық бағдарламаларын іске асыруда көшбасшылықты қамтамасыз ететін университеттің инновациялық моделін жүзеге асыру;

   -    Университеттің мәртебесін нығайту мақсатында аймақтың жетекші оқу-әдістемелік және ғылыми-инновациялық орталығы ретінде оқытудың шетелдік технологияларын игеру және бейімделу, заманауи білім беру технологияларын, импортты дамыту;

-    Бітірушілердің инновациялық-құзырлылық дайындығы мен студенттердің академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету үшін оқытудың кредиттік технологиясы мен тілдік даярлығын дамыту және жетілдіру;

-   Білім беру бағдарламаларының отандық еңбек нарығы талаптары мен үздік шетелдік  аналогтарымен үйлесімділігі арқылы бітіруші түлектердің бәсекеге қабілеттілігі мен сұранысқа сәйкес келуін, университет дипломдарының халықаралық деңгейде мойындалуын қамтамасыз ету;

-   профессор-оқытушылар құрамы, мамандар даярлау, іріктеу және тағайындау жүйесін жетілдіру, олардың біліктілігін, экономикалық және қоғамдық мәртебесін арттыру;

-    республикалық және әлемдік деңгейде фундаменталды және қолданбалы зерттеулер жүргізіп, олардың нәтижелерін экономика және қоғамда жүзеге асыру, ғылым мен білім беру үдерісінің нақты байланысын қамтамасыз ету;

-    жоғары білім беру, ЖОО-дан кейінгі даярлау саласында, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің тәжірибе алмасуында халықаралық кооперацияны дамыту, әлемнің үздік университеттерінде профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, инновациялық әзірлемелерді бірлесіп өткізу, стратегиялық менеджмент тәжірибесінің трансферті;

-   Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұсынған жастарды тәрбиелеудің басымдықтарына және жаһанданған әлемнің трендтері мен үндеулеріне сәйкес Университеттегі тәрбие жұмысын модернизациялау;

-    білім беру, ғылыми және инновациялық инфрақұрылымын дамыту, Университет қызметінің тиімді ресурстық қамтамасыз етілуі;

-    Университет менеджменті технологиясының трансферті мен дамуы.