1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer

Студенттер театры

 

УНИВЕРСИТЕТТІҢ СТУДЕНТТЕР ТЕАТРЫ

2014 жылдың 5 маусымында университетте тұңғыш рет студент-жастардың театры ашылды. Ашылу салтанатында Исраил Сапарбайдың «Ауылдан келген ару» пьесасы қойылды. Салтанаттың «Мәртебелі мейманы» ретінде пьеса авторы шақырылды. Елімізде алғаш рет университеттің жастар театры ұсынып отырған қойылымға Ақын рөлін тұңғыш сомдаған Байғали Есеналиев қатысты. Қойылым осыдан 22 жыл бұрын жазылса да, бүгінгі таңда өз өзектілігін жоғалтқан жоқ. Тақырып аясындағы барлық мәселелер қоғамдық дамуымызға кері әсерін беріп жатқандығы анық.

2014 жылдың 19 желтоқсанында Студенттер театры Л. Егембердиеваның «Қалталы күйеу қайдасың?» атты пьесаны қойды. Спектакль мазмұны бүгінгі таңдағы өзекті мәселені қозғайды. Бұл жолы да университет жастары өмірімізде болып жатқан келеңсіз жәйттерді жастары аша білді.

Труппаның сәтті қойылымы ретінде 2015 жылдың 10 сәуірінде қойылған Ж. Солтиеваның «Адамды шайтан азғырса..» пьесасын да атап өте аламыз. Бұл қойылым көрермендер көңілінен шығып, студент-жастар театрлары арасындағы Халықаралық конкурста жүлделі ІІ орын иеленді.

Жалпы Студенттер театры труппасы мүшелері кастинг арқылы қабылданады. Гүлжанат Жарасбаева, Махаббат Аубакирова, Нұрмұхаммед Икрам, Бекет Табынбаев секілді жастар театрдың белсенді мүшелері. Студенттік театр режиссерлері Қанат Архабаев және Әсел Баймұханова.

 

Театр режиссерлары И. Сапарбай және Б.С. Досманбетовпен бірге

 

 

Ауылдан келген ару пьесасының актерлары

 

 

Қалталы күйеу қайдасың пьесасының актерлары

 

 Фестиваль жүлдесі