1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer

"Ойдария" дебат клубы

 

 «ОЙДАРИЯ» ПІКІР-САЙЫС КЛУБЫ

«Ойдария» пікір-сайыс клубы 2011 жылдың соңында құрылды. Пікір-сайыс қозғалыстарының дамуы кәсіби-шығармашылық және патриоттық тәрбиенің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Пікір-сайысшылар әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін, өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттіліктерін қалыптастырады.

«Ойдария» пікір-сайыс клубы бірнеше жылдар бойы табысты жұмыс істеп келеді, оған мүше студенттер де әртүрлі қалалық, облыстық, республикалық дебат турнирлеріне үнемі белсенді түрде қатысуда. Бүгінгі таңда клуб мүшелері 30-дан астам турнирлердің жеңімпаздары мен кубок және ІІ, ІІІ орын иегерлері.

Осы уақытқа дейін клуб қалалық және облыс деңгейіндегі 20-дан астам турнир ұйымдастырды. 2013 жылдан бастап жыл сайын жастар ынтымақтастығы күніне орай республикалық турнир ұйымдастырып келеді.

 

«Болашақ» университетінде өткен ІІ Республикалық пікір-сайыс турниріне қатысушылар. 2014 ж.

 

Университет базасында пікір-сайысшыларға арналған семинар-тренинг өтуде. 2013 ж.

 

«Ойдария» пікір-сайыс клубының белсенді мүшелері. 2013 ж.