1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer

Ғылыми-зерттеу жұмыстары, ғылыми-зерттеу институты

 

ҚР МЖМБС 5.03.011-2006 «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындарындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары. Негізгі ережелер» мемлекеттік стандартына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес, «Болашақ» университеті профессор - оқытушылар құрамы мен білім алушыларының жүргізіп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстары жоғары білімді кәсіби мамандар дайындау үдерісінің құрамдас бөлігі болып табылады  және білім мен ғылымның ықпалдасуын қамтамасыз етуге, жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындарымен, ғылыми - зерттеу орталықтарымен халықаралық байланысты нығайтуға бағытталған.   

Білімді ғылыммен ұштастыру мақсатында университетте төмендегі ғылыми - зерттеу қызметімен айналысатын нысандар жұмыс істейді:

Ғылыми - зерттеу институты;

Ғарыштық ғылыми - зерттеу жұмыстары зертханасы;

Агробиотехнологиялар ғылыми зертханасы,

Әлеуметтік - экономикалық және саяси зерттеулер орталығы;

«Астаукөл» оқу-тәжірибелік және сауықтыру орталығы;

«Балжансай» агробиологиялық және ғылыми-тәжірибелік участогы;

Оқу ғылыми зертханалары;

Студенттік ғылыми зертханалар мен үйірмелер;

Жас ғалымдар Кеңесі.

Университетте 2014 жылдың мамырынан бастап Ғылыми-зерттеу институты жұмыс жасайды. Оның құрамында ғарыштық зерттеулер және агробиотехнологиялар ғылыми зертханалары мен  әлеуметтік-экономикалық және саяси зерттеулер орталығы бар. Олардың жұмыс жоспарлары мен жүргізетін ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптары бекітілген.

Оқытушы-профессорлар құрамы айналысатын ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптары мен бағыттарын таңдау ғылыми кадрлар әлеуетімен, университеттің материалды-техникалық базасымен, сондай-ақ аймақта туындаған өзекті мәселелермен, жоғары білімнің сапасын арттырумен және мемлекеттің жаңа саясатының ерекшеліктерімен тығыз байланысты.

Университетте ҚР МЖМБС 5.03.011-2006 «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындарындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары. Негізгі ережелер» мемлекеттік құжатының 5.4 және 10.1 тармақтарының талаптарына сәйкес оқытушы-профессорлар құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстарының реестрі жасалған. Онда Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығында АҚ (АО НЦНТИ) мемлекеттік тіркеуден өткен зерттеулер де бар.

Мемлекеттік және бюджеттен тыс қаржы көздері есебінен университетте іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізілуде. 2011-2015 жылдар ішінде 32 жұмыс қаржыландырылуда. Оның ішінде 7 жұмыс бюджеттік қаржы есебінен, ал 25 жоба бюджеттік емес қаржы көздерімен орындалуда.

2009 жылы М.Ө. Насимов ҚР МКИ мемлекеттік емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Этносаралық қарым-қатынас шеңберіндегі мәселелерді талдау» №2 орындалған топтамасына сәйкес гуманитарлық-саяси жағдаяттардың Қазақстандық орталығының жобаларын дамытуға сарапшы ретінде қатысты.

Ал, 2011 жылдың шілдесі мен тамыз айларында ол «Қазақстан халқының әлеуметтік хал-ахуалы» тақырыбындағы зерттеулер бойынша жұмыс тобының жергілікті өкілі, сонымен қатар Қызылорда облысы бойынша жобалардың қадағалаушысы болды. Аталған ғылыми жоба Әлеуметтік-экономикалық ақпараттар және болжау Қазақстан институтының (ӘЭАБҚИ) және ҚР Тұңғыш Президенті Қорының тапсырысы аясында іске асырылды.

Монография, оқу құралдары мен оқу-әдістемелік құралдар жазу мақсатында кафедраларда түрлі бағыттағы зерттеулер жүргізілуде.

Кафедраларда оқу үдерісінде және тәжірибе бағдарламаларында ғылыми, оқу-әдістемелік зерттеулерді енгізу және дайындау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Профессор-оқытушылар құрамының айналысатын ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері дәрістерде, практикалық және семинар сабақтарында, білім алушылардың өзіндік, курстық және дипломдық жұмыстары мен студенттер, магистранттардың оқытушымен бірге жасайтын сабақтарында кеңінен қолданылады.

Білімді ғылыммен ұштастыру мақсатында Қазақстандық, алыс және жақын шетелдердегі жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты кеңейту қолға алынған. Университеттің халықаралық қызметі әлемдік білім кеңістігіне енуге, ғылыми ынтымақтастыққа қол жеткізуге және университеттің халықаралық деңгейдегі мәртебесін көтеруге бағытталған. 

Университеттің ғылыми жетекшісі, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент- мүшесі,  экономика ғылымдарының докторы, профессор Б.С. Досманбетов 2013 жылдың 16-19 желтоқсан аралығында Европаның байырғы университі және ғылыми орталығы саналатын Ұлыбританияның Оксфорд университетінде іс сапармен болып, «Ғылым мен білім» атты халықаралық ғылымдағы көшбасшылар Саммитіне, яғни дүниенің түкпір-түкпірінен инвесторлар, университет ректорлары жиналатын жыл сайын өтіп тұратын ғалымдар форумына қатысып қайтты.

Саммиттің ұйымдастыру комитеті, яғни Европаның Ректорлар Клубы, Европалық бизнес Ассамблея, Халықаралық лидерлер Клубы (Оксфорд, Ұлыбритания), Сократ атындағы номинациялық комитет шешімімен Б.С. Досманбетов «Ғылымдағы есім» (The Name in Science) орденімен наградталып, оның есімі дүниежүізлік көрнекті ғалымдар реестріне енгізілді.

Жыл өткен сайын университеттің халықаралық ынтымақтастық шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстарының ауқымы кеңейіп келе жатыр. Алда үлкен межелер мен биік мақсаттар тұр. Ғылыми ынтымақтастықты дамыту мақсатында шетелдік жоғары оқу орындары және өзге де ғылыми - зерттеу орталықтарымен келісім-шарттар жасалған.       

Ресей ғылым академиясының клеткалар биофизикасы институты, Ресей ғылым академиясының теориялық және эксперименталды биофизика институты және Пущин мемлекеттік жаратылыстану ғылыми институтымен бірігіп халықаралық жобаларға қатысу жоспарлануда.

2012 жылы инновациялық технологиялық өнімдерді құру және дамыту мақсатында ҚР БжҒМ Микробиология және вирусология институтымен бірлесіп ғылыми-зерттеу жасау үшін келісімге қол жеткізілді. Қазіргі таңда бұршақты дақылдарды егу және оны мал қоректендіруде пайдаланудың тиімді тәсілдерін қарастыру үшін микробиологиялық тектердің препараттарын қолданудың әдістемелік жұмыстары жүргізілуде.

Университет пен Қазақ күріш ҒЗИ, ҚР БжҒМ микробиология және вирусология Институты РМК «Қолданбалы микробиология» филиалы, сондай-ақ Қызылорда облысы бойынша табиғи ресурстар және табиғи ресурстарды реттеу Басқармалары арасында Меморандум бар. Меморандумның мақсаты  қызметтестіктің негізгі тетігі «Білім-ғылым-өнеркәсіп» жүйесі деген қағидаға сүйене отырып, өнеркәсіпте озық технологияларды дамытудың біріктірілген жүйесін құру, кадрлар, оның ішінде ғылыми кадрлардың біліктілігін арттыру, даярлау (қайта даярлау), студенттерді оқу-өндірістік тәжірибеден өткізу болып табылады.

2014 жылдан бастап (Куәлік №14158 – Ж, 13.02.2014 ж.) университеттің ғылыми-білім беру журналы «Болашақ» университетінің Хабаршысы» шығарылуда. Бұл журналда іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу нәтижелері, оқу-әдістемелік мақалалар, ғылымның басым бағыттары бойынша ұйымдастырылған конференция материалдары жарық көреді. Журнал тоқсанына 1 рет шығарылады.

Профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері, теориялық тұжырымдары мен әдістемелік негіздері рецензияланатын ғылыми журналдар мен халықаралық ғылыми-техникалық конференциялар жинақтарында, республикалық мерзімді баспасөз беттерінде жарияланып тұрады. 

103 ғылыми мақала рецензияланатын World Academy of Science, Engineering and Technology, Middle-East Journal of Scientific Research, Молодой ученый, European Applied Sciences, Гуманитарные научные исследования, Сибирские электронные математические известия, Социосфера, Life Science Journal, Paradigmata poznani сияқты ғылыми журналдарда жарық көрді. Олардың арасында 8 мақала импакт-факторы жоғары журналда басылып шықты (Life Science Journal 0,165 (2012).

Оған қоса, алыс және жақын шет елдік ғылыми журналдарда, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарында мақалалар жарық көріп отырады.       

 2011-2015 жылдары университет профессор-оқытушыларының 100-ден аса ғылыми мақаласы шет елде жарық көрді: оның ішінде 40-қа жуық  ғылыми мақала журналдарда, 60-тан аса ғылыми мақала түрлі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар жинақтарында көрініс тапты. Мақалалардың басым бөлігі РИНЦ-ке тіркелген басылымдар екендігі жоғарыдағы мәліметтерден байқалады. Университет профессор-оқытушыларының рейтингісі жоғары, Scopus, Thomson Reuters базаларына тіркелген ғылыми журналдарға да мақалалары жарияланған.

Соңғы 5 жыл ішінде университет шеңберінде төмендегідей конференциялар мен дөңгелек үстелдер өткізілді: 

• «Космос және адам» тақырыбындағы Космостық дәуірдің 50 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (2011 жыл);

• «55 ғарыштық жыл» тақырыбында өткізілген халықаралық ғылыми-практикалық конференция (2012 жыл);

• «Ғылым, техника және білім берудің басымдықтары» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (2013 жыл);

  • • «Ғылым, техника және білім берудің басымдықтары» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (2014 жыл);
  • • «Болашақ» университетінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ғылым мен білім берудегі инновациялар» атты республикалық студенттік ғылыми-практикалық конференция (2015 жыл);

• «Бейбітшілік, еңбек пен жасампаздықтың 70 жылдығы» тақырыбындағы  Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (2015 жыл);

  • • «Ойдария» пікірсайыс клубының «Мемлекет басшысының 5 институционалдық реформасы: мақсаттар мен перспективалар» тақырыбындағы отырысы (2015 жыл);
  • • Мемлекет басшысының 5 институционалдық реформасын қолдауға бағытталған  «Жаңғырту – болашақтың берік негізі» тақырыбындағы дөңгелек үстел (2015 жыл);
  • «Елбасы ұсынған 5 институционалды реформа: ЕЛІМІЗДІҢ НЫҒАЮЫНЫҢ ӨЗЕГІ» атты дөңгелек үстел (2015 жыл).

Университет профессор-оқытушылары өздерінің жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде инновациялық патент алған. Атап айтсақ,

 - а.ш.ғ.к. Н.Б. Мұқановтың жетекшілігімен жүргізілген «Способ отбора верблюдов мясного направления продуктивности» деген тақырыптағы ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесінде алған Әділет Министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті берген өнертабысқа инновациялық патенті бар. Алдын ала патент ҚР №19514, 2008. Инновациялық патент №23916. Патент иесі: «Болашақ» Университеті.

Химия ғылымдарының кандидаты Н.А. Тоғызбаеваның жетекшілігімен жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесінде алынған бірнеше авторлық патенттер бар. Оның ішінде: о-бензоилоксимнің 3-(2-этоксиэтил)-7циклопропилметил-3,7-диазабицикло (3.3.1нонан-9-онның В-циклодекстринмен кешеніне берілген №60854 авторлық патент (27.12.2007 ж.); бета-циклодекстрині бар 3-(3-изопропоксипропил)-7-(2-морфолиноэтил)-3,7-диазабицикло/3.3.1/нонана комплексі және оның синтезінің аралық өнімі үшін берілген №55701 авторлық патент (02.02.2007 ж.); микробқа және туберкулезге қарсы дәріге Әділет Министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті берген №71159 авторлық патент (05.11.2010 ж.); 3-(3-изопропоксипропил)-7-(3-морфоинопропил)-3,7-диазабицикло [3.3.1] ионан 0-бензоилоксимінің В-циклодекстринмен комплексі микробқа және туберкулезге қарсы дәрі ретінде қолдануға рұқсат беретін №71165 авторлық патент (05.11.2010 ж.).

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша зерттеушілердің зияткерлік меншігі мен авторлық құқықтарын қорғау құжаттарын (патент) алу үшін құжаттар әзірленіп, нақтырақ айтқанда, «Создание заводской линии Абыла мясо-шерстного направления породы казахский бактриан» тақырыбындағы авторлық коллективтің (Мұханов Н.Б., Омбаев А.М., Айтымбетов К., Мыханов Б.А., Жазылбеков Н.А., Маханбетов Д., Кішкенбаев Т.) шаруашылық келісім-шарт негізінде жасаған зерттеу жұмысы Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Интеллектуалдық меншік құқығы жөніндегі Комитетке қарасты Ұлттық зияткерлік меншік институты РМКК-ға жіберілді. Ғылыми жетекшісі: а.ш.ғ.к. Н.Б. Мұханов.                    

Университетте ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді түрде айналысып жүрген ПОҚ пен қызметкерлерді қаржылай қолдау жолға қойылған. Аталған жұмысты іске асыру үшін тұрақты комиссия жұмыс істейді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының жартыжылдық, жылдық есептерінің қорытындысы бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын, мақалаларын жарыққа шығарған оқытушылар қаржылай марапатталып отырады.            

Ғылыми Кеңес бекіткен университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарына сәйкес ғылыми әдебиеттер мен құрал-жабдықтар алуға; конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар ұйымдастыру мен патенттерді рәсімдеуге кететін шығындарды өтеуге; монографиялар, мақалалар, оқулықтар мен оқу құралдарын басып шығаруға;  ғылыми тағлымдамалар, іс сапарлар, конференциялар мен семинарларға баруға кететін шығындарды өтеуге Құрылтайшы тарапынан тұрақты түрде қаржы қарастырылған.

2013 жылдың қорытындысы бойынша тәрбие ісі және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, саяси ғылымдарының кандидаты, «Болашақ» университетінің 2003 жылғы түлегі М.Ө. Насимов Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым Министрлігінің ғылым мен техниканы дамытудағы жетістіктері үшін жас ғалымдарға тағайындаған стипендиясының (24 айлық көрсеткіш көлемінде) иегері атанды. Сонымен қатар, 2015 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2014» атағын иеленді.

Сондай-ақ, В.В. Свечников 2011-2012 оқу жылында «Энергия и среда обитания» тақырыбында ұйымдастырылған Халықаралық ғылыми жобалар конкурсының ұлттық кезеңіне өткен мектеп оқушыларын дайындағаны үшін Норвегиялық табиғатты қорғау қоғамының Алғыс хатына ие болды.

Университетте Жас ғалымдар кеңесі жұмыс істейді. Кеңес жас ғалымдардың кәсіби деңгейін көтеру және өзекті ғылыми мәселелер бойынша ізденіс жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ инновациялық жұмыстарды дамыту мақсатында құрылған. Кеңес өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, 2011 жылдың 18 ақпандағы ҚР «Ғылым туралы» Заңын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын», ҚР Президенті Н. Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауын, «Болашақ» университетінің Стратегиялық жоспары мен Жарғысын басшылыққа алады. 

Университеттің жас ғалымдар кеңесінің құрамы 33 адамнан тұрады. Олардың қатарында жасы 39-ға дейінгі, ғылыммен айналысатын  магистранттар мен оқытушылар бар. Кеңес құрамы жыл сайын өзгертіліп, қайта бекітіліп отырылады. Әр факультетте жауапты жас ғалымдардан тұратын кеңес мүшелері бар. Кеңес жұмысы жыл сайын бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі және 2 айда бір рет кеңес отырысы өткізіліп тұрады. Жыл аяғында әр факультеттің кеңес мүшелері жас мамандарының жұмысы туралы есеп береді. Жас ғалымдардың жұмыстарының нәтижелері жыл аяғында университеттің Ғылыми Кеңесінде тыңдалады.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары біріккен оқу-тәрбие және ғылыми-инновациялық үрдістердің құрамдас бөлігін құрайтын ЖОО-да білікті мамандарды дайындаудың міндетті бөлінбес бөлігі болып табылады / ҚР МЖМБС 5.03.011-2006 «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындарындағы ғылыми зерттеу жұмыстары. Негізгі ережелер». / Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары – ғылыми жаңалықтардың жетістіктерін тәжірибелік әрекетте шығармашыл қолдана алатын, яғни экономика дамуының қазіргі заманғы жағдайларына жылдам бейімделе алатын, жоғары білімі бар мамандарды дайындаудың сапасын арттырудың маңызды құралдарының бірі.    

Ғылыми-зерттеу жұмыстарына магистранттар мен студенттер де тартылған. Әр кафедра жанында ұйымдастырылған ғылыми зертханалар жұмысына 400-ге тарта білім алушы белсене қатысады. Университетте «Қолданбалы математика» (жетекшісі профессор Ш.Ш. Ибраев), «Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі», (жетекшісі С. Тайманова), «Криминалистика және сот сараптамасы» (жетекшісі Е.С. Қонысбаев), «1С:Бугалтерия» (жетекшісі А. Райымбекова), «Микро-макроэкономика» (жетекшісі К.С. Абуов); «Қолданбалы педагогика және психология» (жетекшісі Р. Оразалиева), «Сыр өңірінің тарихы» (жетекшісі С. Тоқболат), «Студенттердің шығармашылығын дамыту орталығы» (жетекшісі М. Оразымбетова); «Әлемнің тілдік бейнесі» (жетекшісі А. Туребаева); «Жаратылыстану ғылымдары» (жетекшісі Н.Б. Мұханов) сияқты студенттік зертханалар бар.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу студенттерді кәсіби пәнді терең меңгеруге, олардың ғылыми, техникалық және әлеуметтік дүниетанымын кеңейтуге, жаңа идеяларды өз бетінше игеруге, ғылыми ақпараттар тасқынында жедел әрі тиімді бағыт ұстануға бейімдейді. Сол себепті, университет студенттердің халықаралық, республикалық конференцияларға, олимпиадаларға, конкурстарға қатысуын үнемі қолдап келеді.

Университет ПОҚ мен білім алушылары айналысатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын одан әрі жандандыру мақсатында еліміздің, жақын және алыс шетелдердің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары және ғылыми орталықтарымен ынтымақтасу, бюджеттік және жеке шаруашылық көздерінен қаржыландырылатын жобаларға қатысу, оқытушылар мен білім алушыларды ғылыми тағлымдамадан өткізу шараларын т.б. іске асыру көзделуде.