1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer

Сыбайлас жемқорлықпен күрес

 

Университеттің жастар ісі жөніндегі комитеті жанында студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер тобы құрылған. Аталмыш топ 2015-2016 оқу жылының қысқы-жазғы емтихандық сессиясында «Таза сессия» акциясын өткізіп отырады. Сонымен қатар, облыстағы белсенді жастар ұйымдарымен бірлесе отырып сауалнамалар жүргізіп отырады.

Оқу орнында жастардың «Ойдария» пікір-сайыс клубы белсенді жұмыс жасайды. Топ әрдайым түрлі тақырыптардағы пікірталастар ұйымдастырады. 2015-16 оқу жылында клубтың ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлық қылықтары мен зардаптары» тақырыбында ЖОО мен ОАОО-ғы студенттер арасында облыстық пікірсайыс турнирі өтті.

 Турнирге қаламыздағы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі, Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі, Қызылорда гуманитарлық экономикалық колледжі, Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі, Инженерлік техникалық колледжі, «Өркениет» медициналық коллежі, Қызылорда медициналық колледжі, Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі, Қызылорда политехникалық колледжі, «Жас өркен» колледжі, Қызылорда индустриалды-техникалық колледжі, Қазанғап атындағы музыкалық колледжі, Абылайхан атындағы  колледжі студенттері  қатысты.

 Турнирдің нәтижесі  бойынша Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің фракциясы І орынды иеленсе, ІІ орынды М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің фракциясы иеленді. ІІІ орынды «Болашақ» медициналық колледжінің фракциясы қоржындарына басты.

Сонымен қатар, жастар комитеті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер тобының ұйымдастырумымен «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында ақындар мүшайрасын тұрақты түрде өткізу жоспарлануда.