1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer

Орталық туралы ақпарат

2011-2012 оқу жылынан бастап, Болашақ университетінде Қашықтықтан білім беру және жаңа технологиялар департаменті құрылды.   

Қашықтықтан оқыту орталығының директоры:  Досмамбетова Айсұлу Ажарбайқызы.

Қашықтықтан оқыту орталығы – ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар көмегі негізінде қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы оқу үрдісін ұйымдастыру жөніндегі құрылымдық бөлімше.  Сырттай бөлімге жоғары білім негізінде (екінші жоғары - оқу мерзімі 2 жыл) және колледжден кейін (бірінші жоғары қысқартылған - оқу мерзімі 3 жыл) қабылданады. Университетте ҚОТ екі түрмен жүзеге асырылады: желілік технология және кейс-технология. Болашақ университеті қашықтықтан білім беру жүйесі http://87.247.5.59/

 Болашақ университеті қашықтықтан оқыту орталығының басты міндеттері:

  • Болашақ университеті қашықтан оқыту технологиясы жүйесін әдістемелік қамтамасыз ету;
  • ПОҚ-ты қашықтан оқыту технологиялары бойынша әдістемелік тұрғыда дайындау;
  • «Platonus» қашықтан оқыту жүйесінің қызметін ұйымдастыру;
  • Қашықтан оқыту технологиялары арқылы оқу үрдісін ұйымдастыру.
  • Әрбір білім алушыға ҚОТ шеңберінде білім контентіне тікелей немесе қосымша түрде қол жеткізу;
  • Жаңа ақпараттық технологиялар негізінде білім алушылардың білім алуы, дамуы және шығармашылық даралығын көрсету үшін жағымды жағдай жасау;
  • Қашықтан оқыту техологиялары арқылы іске асып жатқан оқу пәндері үшін электронды оқу-әдістемелік кешендерін жасау және БУ білім порталына орналастыру;
  • Қашықтан оқытудың желілік технологиялар бойынша оқу үрдісінің ұйымдасуын қамтамасыз ету.

 Қашықтықтан оқыту бойынша кімдер оқи алады?

  • Екінші жоғары білім алуға және колледжден кейін білімін жалғастыруға тілек білдірушілер;
  • Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға, соның ішінде I және II топ мүгедектері;
  • «Болашақ» стипендианттарын қоспағанда, жоғары білім деңгейінде алмасу бағдарламалары бойынша мемлекеттен тысқары жерде білім алушылар;
  • Жоғары білім деңгейінде жедел әскери қызметке шақырылған, сырттай оқу бөлімінің студенттері;
  • жоғары білім деңгейінде ұзақ мерзімді (4 айдан астам) шетелдік іссапардағы тұлғалар.

 

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Болашақ университеті, Қашықтықтан оқыту орталығы

Қызылода қаласы, Абай даңғылы 31, А корпусы 101 кабинет

E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.