1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer

«Болашақ» университеті

 

«Болашақ» университеті – Қазақстан Республикасының аймақтық білім және мәдениет орталығы.

 

Университетте білім беру ісі 42 бакалавриат, 6 магистратура мамандықтары бойынша 3 факультетте, 7 кафедрада, 32 мамандық бойынша университет колледжінде және 6 медициналық мамандық бойынша «Болашақ» медициналық колледжінде жүргізіледі. «Болашақ» университетінің бүгінгі таңдағы миссиясы – отандық ғылымның алдыңғы қатарында болып, егемен еліміздің экономикасына ең жақсы кадрлар даярлау.

«Болашақ» университеті

Күнтізбе

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Студенттер назарына

platonus

nu
enu
global
 

Валюта бағамы

«Болашақ» жастары

Ауа-райы болжамы


Университет студенттері мен оқытушылары ғылыми-сарапшылық топ мүшелерімен кездесті

 

 

 

 

 

 

13 сәуірде «Болашақ» университетінде Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топ мүшелері оқу орнының студенттері және оқытушыларымен кездесті. Шараға «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Е.Ү. Уайс, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты А.Ж. Оразбақов қатысты.

Өз баяндамасында Е.Ү. Уайс Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдаулары және жақында жарық көрген Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласына тоқталды. А.Ж. Оразбақов «Сыр елінің көпұлтты халқының қалыптасу тарихы» атты баяндамасында облыс территориясындағы өзге этнос өкілдерінің тұрмыс-тіршілігі туралы сөз етті.

Кездесуді тәрбие жұмысы және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Ө. Насимов жүргізді.