1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer

«Болашақ» университеті

 

«Болашақ» университеті – Қазақстан Республикасының аймақтық білім және мәдениет орталығы.

 

Университетте білім беру ісі 42 бакалавриат, 6 магистратура мамандықтары бойынша 3 факультетте, 7 кафедрада, 32 мамандық бойынша университет колледжінде және 6 медициналық мамандық бойынша «Болашақ» медициналық колледжінде жүргізіледі. «Болашақ» университетінің бүгінгі таңдағы миссиясы – отандық ғылымның алдыңғы қатарында болып, егемен еліміздің экономикасына ең жақсы кадрлар даярлау.

«Болашақ» университеті

Күнтізбе

<< < Мамыр 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Студенттер назарына

platonus

nu
enu
global
 

Валюта бағамы

«Болашақ» жастары

Ауа-райы болжамы


«МӘРТЕБЕЛІ МЕЙМАННЫҢ» КЕЗЕКТІ ҚОНАҒЫ – БАҚЫТ САРБАЛАЕВ

 

 

 

 

 

«Болашақ» университетінің дәстүрлі «Мәртебелі мейман» өнер жобасының кезекті кеші «Алаш» сыйлығының иегері, әдебиет сыншысы Бақыт Сарбалаевқа арналды. Сыншының 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шараға белгілі әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Құлбек Ергөбек, ақын, журналист Шәкизада Әбдікәрімов, «Болашақ» университетінің ректоры, т.ғ.д., профессор Өмірбек Үмбетов және университет оқытушылары мен студенттері қатысты.Кеш барысында әдебиет сыншысының «Қызыл алма», «Өткірдің жүзі», «Бейімбет Майлин», «Ілияс Жансүгіров» сынды еңбектері туралы сөз болды. Тұлғаның теңдессіз туындыларын өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында шараға қатысқан меймандар ой бөлісті. Оқу орнының өнерлі жастары ән-шашуын тарту етсе, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенті Бекжан Ержігіт жазушыға өз арнауын жолдады. Кеш соңында Бақыт Сарбалаевқа «Болашақ» университетінің құрметті профессоры атағы берілді.