1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer

«Болашақ» университеті

 

«Болашақ» университеті – Қазақстан Республикасының аймақтық білім және мәдениет орталығы.

 

Университетте білім беру ісі 42 бакалавриат, 6 магистратура мамандықтары бойынша 2 факультетте, 7 кафедрада, 32 мамандық бойынша университет колледжінде және 6 медициналық мамандық бойынша «Болашақ» медициналық колледжінде жүргізіледі. «Болашақ» университетінің бүгінгі таңдағы миссиясы – отандық ғылымның алдыңғы қатарында болып, егемен еліміздің экономикасына ең жақсы кадрлар даярлау.

«Болашақ» университеті

Күнтізбе

<< < Қазан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Студенттер назарына

platonus

nu
enu
global
 

Валюта бағамы

«Болашақ» жастары

Ауа-райы болжамы


«Болашақ» университетінде «scopus базасындағы журналдарға мақала дайындау және жариялау» тақырыбында семинар өтті

 

 

«Scopus» - ғылыми басылымдарда жарияланған мақалалардың сілтемесін бақылауға арналған құрал және мәліметтердің библиографиялық және реферативті базасы. База техникалық, медициналық және гуманитарлық ғылымдар бойынша 5 мың баспа шығаратын 22 мың ғылыми журналдарды индекстейді. Мәліметтер базасында ғылыми журналдар, конференция материалдары мен сериялық кітаптар индекстеледі.Бүгінде отандық ғылыми қауымдастық үшін аталмыш базада ғылыми мақала жариялау маңызды болып табылады. Ғылыми дәрежелер мен атақтар алу үшін міндетті түрде осы базадағы журналдарға ғылыми нәтижелер жариялануы керек. Сондықтан «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты «Scopus базасындағы журналдарға мақала дайындау және жариялау» тақырыбында семинар өткізді.Семинар барысында базадан журнал таңдау және жариялау процестерінің барлық кезеңдері анықталды. Мақала дайындау және жариялау бойынша ғылыми еңбектер құрылымы туралы ұсынымдар жасалды.Семинарға «Болашақ» универитетінің профессор-оқытушылар құрамымен қатар, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ПОҚ және докторанттары қатысты. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. Семинарды «Болашақ» ҒЗИ директоры, саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Ө. Насимов жүргізді.