1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer

«Болашақ» университеті

 

«Болашақ» университеті – Қазақстан Республикасының аймақтық білім және мәдениет орталығы.

 

Университетте білім беру ісі 42 бакалавриат, 6 магистратура мамандықтары бойынша 2 факультетте, 7 кафедрада, 32 мамандық бойынша университет колледжінде және 6 медициналық мамандық бойынша «Болашақ» медициналық колледжінде жүргізіледі. «Болашақ» университетінің бүгінгі таңдағы миссиясы – отандық ғылымның алдыңғы қатарында болып, егемен еліміздің экономикасына ең жақсы кадрлар даярлау.

«Болашақ» университеті

Күнтізбе

<< < Қазан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Студенттер назарына

platonus

nu
enu
global
 

Валюта бағамы

«Болашақ» жастары

Ауа-райы болжамы


Қызылорда облысы мен Болашақ университеті арасындығы өзара қызметтік және ынтымақтастық туралы МЕМОРАНДУМ

Қызылорда облыстық Соты атынан Қызылорда облыстық сотының төрағасы Нұрышев Қамбар Жұмабайұлы бір жағынан, Болашақ Университетінің ректоры  т.ғ.д. Үмбетов Өмірбек Үмбетұлы екінші жағынан, бұдан әрі «Тараптар» болып, ынтымақтастық туралы ниеттерін білдіріп, төмендегілерге келіседі:

 

 

 

Қызылорда облысының мен Болашақ университеті арасындығы өзара қызметтік және ынтымақтастық туралы

 

МЕМОРАНДУМ

 

 

 

Қызылорда облыстық Соты атынан Қызылорда облыстық сотының төрағасы Нұрышев Қамбар Жұмабайұлы бір жағынан, Болашақ Университетінің ректоры  т.ғ.д. Үмбетов Өмірбек Үмбетұлы екінші жағынан, бұдан әрі «Тараптар» болып, ынтымақтастық туралы ниеттерін білдіріп, төмендегілерге келіседі:

 

 

 

1 Бап.

 

Тараптар:

 

- қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық және халықтың игілігі үшін экономикалық дамудың негізгі қағидаларын сақтай отырып, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде Қазақстанды дамыту жолын ұстанатындықтарын растай отырып;

 

- қоғамның биік заңды мәдениетін құруға бағытталған ұлттық стратегиялық бағдарламаларды жүзеге асыруды орындап;

 

- қолданыстағы заңнамаға сәйкес Тараптардың қызмет бағыттары бойынша өзекті мәселелерді шешу үшін Тараптар арасындағы ұзақ мерзімді өзара қатынастың заңды қажеттілігін мойындай отырып;

 

- үздіксіз халықтың құқықтық мәдениеті мен сауаттылығын көтермелеу, жас мамандарды жұмыспен қамту және әлеуметтік жаңғыртылуға бағытталған шараларды іске асыру мақсатында өзара әрекеттесу қажеттігі туралы ортақ пікірге келді.

 

2 Бап.

 

Тараптар өздерінің мүмкіндерін бірлесе отырып біріктіруді ынтымақтастықтың негізгі мақсаты ретінде ұстанып, келесіні белгілейді:

 

-Сот жүйесінің ашықтығын және қол жетілімділігін қамтамасыз ету;

 

- жаңа формациядағы заңгер кадрларын дайындау;

 

- екінші тараптың тілек білдірген үздік бітірушілерін сот  органдарына қызмет атқаруға тарту.

 

3 Бап.

 

Тараптар арасындағы ынтымақтастық Қазақстан Республикасының Конституциясының және қолданыстағы заңнамасының принциптерін сақтауға, ашықтық пен толеранттыққа, еркіндік пен еріктілік, өзара сенімділік негізінде және тараптардың ішкі қызметіне араласпаушылықты болдырмауға негізделіп, іске асырылатынын хабарлайды.

 

4 Бап.

 

Тараптардың арасындағы ынтымақтастық келесі нысандарда көрініс таба алады деп белгілейді:

 

- келісімдер, хаттамалар, қаулылар және басқа да құжаттар;

 

- заңды қолдану тәжірибесінің мәселелері бойынша, сот органдарының қолданыстағы заңнамалардың орындалу тәжірибесін салыстырмалы зерттеуі бойынша, сонымен бірге қоғам мен мемлекет үшін маңызды өзекті мәселелер бойынша бірлескен жоспарлар, бағдарламалар, жобалар, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізу;

 

- ынтымақтастық бағыттары бойынша сараптама комиссиялары мен жұмыс топтары;

 

- студенттердің танысу, өндірістік және диплом алдындағы іс-тәжірибесін сот органдарында өткізуді ұйымдастыру;

 

- ғылыми-тәжірибелік әдебиеттермен, мәліметтермен және сот органдары тәжірибесімен алмасу;

 

- тараптардың материалдық базасын, сонымен қоса электрондық кітапхана базасын пайдалану болып табылады.

 

5 Бап.

 

Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Меморандумға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Меморандумның ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша хаттамалар ретінде әзірленеді.

 

6 Бап.

 

Осы Меморандумды іске асыру кезінде пікірталастар мен келіспеушіліктер пайда болған кезде Тараптар оларды өзара кеңестер жүргізу арқылы шешеді.

 

7 Бап.

 

Осы Меморандумды іске асыру кезінде пайда болған шығындарды егер де басқаша келісілмеген  болса Тараптар өздері шешеді.

 

8 Бап.

 

Осы Меморандум Тараптар оған қол қойған кезден бастап өз күшіне еніп, қолданысқа енгізіледі.

 

Меморандум шектеусіз мерзімге жасалады және Тараптардың өзара келісімі бойынша немесе Тараптардың біреуінің қалауы бойынша бұзылғанға дейін өз күшін жоймайды.

 

Меморандум 2 данада жасалған, қазақ және орыс тілдерінде, әрқайсысының бірдей заңды күші бар.

 

2017 жылы «_____ »____________Қызылорда қаласында қол қойылған.

 

 

 

Тараптардың қолдары:

 

 

 

 

 

Қызылорда облыстық  Соты

Қызылорда қаласы,

____________көшесі,

Қызылорда облыстық сотының төрағасы

__________________Нұрышев Қ.Ж.

 

 

 

 

 «Болашақ» университеті,                                                       Кызылорда қаласы,                                                    Абай даңғылы , 31 «а»                                                университет ректоры                                            

_________т.ғ.д  Ү.Ө.Үмбетов