1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer

«Болашақ» университеті

«Болашақ» университеті – Қазақстан Республикасының аймақтық білім және мәдениет орталығы.

Университетте білім беру ісі 42 бакалавриат, 6 магистратура мамандықтары бойынша 2 факультетте, 7 кафедрада, 32 мамандық бойынша университет колледжінде және 6 медициналық мамандық бойынша «Болашақ» медициналық колледжінде жүргізіледі. «Болашақ» университетінің бүгінгі таңдағы миссиясы – отандық ғылымның алдыңғы қатарында болып, егемен еліміздің экономикасына ең жақсы кадрлар даярлау.

«Болашақ» университеті

Күнтізбе

<< < Қараша 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Студенттер назарына

platonus

nu
enu
global
 
Валюта бағамы

«Болашақ» жастары

Ауа-райы болжамы

Студентке орталықтандырылған оқыту, білім беру және бағалау: принциптері және технологиялары

2017 ж. 5 қазанда Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚА-IQAA) Еуропадан келген халықаралық сарапшылардың, Назарбаев Университетінің қауымдастырылған профессорларының және Алматы менеджмент университеті өкілдерінің қатысуымен «Студентке орталықтандырылған оқыту, білім беру және бағалау: принциптері және технологиялары» атты кезекті халықаралық оқыту семинарын өткізді.Шараға 51 жоғары оқу орнынан, 12 ғылыми-зерттеу институттарынан және 2 колледжден жалпы 115 адам қатысты. Семинардың ашылу салтанаты БСҚА президенті, профессор, п.ғ.д., Ш.М. Каланованың кіріспе сөзімен басталды.

Семинар жұмысына «Болашақ» университетінен оқу ісі  ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор Н.Ж.Ибрагимова қатысты.

Пленарлық мәжілісте төмендегі баяндамалар тыңдалды:

1) БСҚА-IQAA президенті, профессор, п.ғ.д., Ш.М. Каланова

Баяндама тақырыбы: «Студентке орталықтандырылған оқыту, білім беру және бағалау: негізгі принциптері, параметрлері, шарттары».

2) Профессор Эрик Фромент, жоғары білім беру саласындағы халықаралық сарапшы, Университеттердің Еуропалық қауымдастығының (EUA) президент-құрылтайшысы, Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандыру Еуропалық тізілімі (EQAR) комитетінің экс-төрағасы, Лион университетінің (Люмьер Лион 2) экс-президенті (Франция).

Баяндама тақырыбы: «Студентке орталықтандырылған оқытуды Еуропаның жоғары білім беруінде жүзеге асыру».

3) Лукас Бишоф мырза, жоғары білім беру саласындағы халықаралық сарапшы (Германия), Экономика жоғары мектебінің кеңесшісі және ғылыми қызметкері (Мәскеу қ.). 

Баяндама тақырыбы: «Құзыреттілік және студентке орталықтандырылған білім беру негізінде оқу бағдарламаларын әзірлеу логикасы».

4) Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің қауымдастырылған профессоры, Сулушаш Керимкулова.

Баяндама тақырыбы: «Студентке орталықтандырылған оқыту, білім беру және бағалау жүйесіндегі интерактивтік технологиялардың мүмкіндіктері».

5) Арын Әсел Арынқызы, «Алматы менеджмент университеті» білім беру мекемесінің өкілі

Баяндама тақырыбы: «Студентке орталықтандырылған оқыту барысындағы заманауи оқытушы».  

Семинардың толық бағдарламасымен осы сілтеме арқылы танысуға болады: http://iqaa.kz/kz/item/1961-studentke-ortaly-tandyryl-an-o-ytu-bilim-beru-zh-ne-ba-alau-printsipteri-zh-ne-tekhnologiyalary-atty-kezekti-khaly-araly-o-ytu-seminary-tkizildi