1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer

«Болашақ» университеті

«Болашақ» университеті – Қазақстан Республикасының аймақтық білім және мәдениет орталығы.

Университетте білім беру ісі 42 бакалавриат, 6 магистратура мамандықтары бойынша 2 факультетте, 7 кафедрада, 32 мамандық бойынша университет колледжінде және 6 медициналық мамандық бойынша «Болашақ» медициналық колледжінде жүргізіледі. «Болашақ» университетінің бүгінгі таңдағы миссиясы – отандық ғылымның алдыңғы қатарында болып, егемен еліміздің экономикасына ең жақсы кадрлар даярлау.

«Болашақ» университеті

Күнтізбе

<< < Қараша 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Студенттер назарына

platonus

nu
enu
global
 
Валюта бағамы

«Болашақ» жастары

Ауа-райы болжамы

Бұл жоба аясында біз өмірде жеңімпаздар қатарында боламыз!

 «Есеп және Аудит»  мамандығының УА-15 тобының студенттері «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ ұйымдастырып жатқан Ұлттық инновациялар конкурсының «Студенттер арасындағы ең үздік инновациялық жоба» номинациясына өтінім берді.  Олар «Кәсіпкерлік арқылы білім алу» жобасын ұсынды.

Жоба мақсаты:  студенттердің барынша өз қабілеттерін ашуына мүмкіндік жасап, сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға жағдай жасау.

Университет базасы аясында Жас кәсіпкерлер мектебі типтес оқу центрін  ашу арқылы студенттерді өз кәсіптерінің қыр-сырымен таныстырып көзделеді.

Нақты  компания-ментор, Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, студенттерге « тәлімгер»  болуға келісім берді. Компания-ментормен оқыту барысында үнемі байланыс жасау студенттерге теория мен практиканы ұштастырып, ЖОО орнында алған теориялық білімнің не үшін қажет екенін түсінуіне көмектседі.«Студенттер арасындағы ең үздік инновациялық жоба» номинациясына жоғары оқу орындарының өтінім берген кездегі жастары 25-ке (қоса алғанда) дейінгі студенттері қатыса алады.

Номинацияның мақсаты – жастарды ғылым және өнертапқыштықпен айналысуға ынталандыру, өнертапқыштықтың мамандық ретіндегі маңыздылығын арттыру, жас стартаперлерді жігерлендіру, оларды өнімнің нарыққа өтуіне даярлау.

Конкурстың осы номинациясы бойынша қойылатын талаптар – осы номинацияға қатысу үшін студенттер өзінің жобасы туралы ұзақтығы 2,5 минуттан аспайтын бейнеролик түсіріп, YouTube порталына орналастырып, сайтта онлайн өтінім берген кезде сілтемесін көрсетуі тиіс.

Жеңімпаздарды бағалы сыйлықтар күтуде:

1 орын – 1 500 000 теңге;

2 орын – 1 000 000 теңге;

3 орын – 700 000 теңге.

Студенттердің «Кәсіпкеерлік арқылы білім алу» жобасымен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.youtube.com/watch?v=V0pGWP0j-Mg&feature=youtu.be

Біз университетіміздің студенттеріне Жеңіс тілейміз!