1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer

Институт туралы ақпарат

 

«БОЛАШАҚ» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ 

«Болашақ» ҒЗИ «Болашақ» университетінің құрылымдық бөлімшесі ретінде 2014 жылдан бастап жұмыс жасайды.

Институттың негізгі мақсаты - іргелі ғылыми негіздер мен қолданбалы зерттеулерді дамыту болып табылады.

«Болашақ» ҒЗИ міндеттері мен қызметтері:

-       ғылыми-зерттеу жұмыстары мен университет жобаларын жүзеге асыруға дайындалу, қамтамасыз ету және жәрдемдесу;

-       ғылыми зерттеулер жобалары мен жоспарларын әзірлеу;

-       заманауи ғылыми-техникалық деңгейде зерттеулер мен әзірлемелердің орындалуын ұйымдастыру;

-       жүргізілетін ғылыми жұмыстар мен жобалардың жоғары тиімділігін қамтамасыз ету;

-       бекітілген тапсырмалар мен бағдарламаларға сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарының уақытылы және сапалы орындалуына бақылау жүргізу;

-       ғылыми жобаларды басқаруға штаттағы ғылыми қызметкерлер, профессор-оқытушылар құрамын жұмылдыруға жәрдемдесу;

-       мекемелерге кеңес беру;

-       лабораториялар мен орталықтардың негізгі ғылыми жұмыстарының тақырыптары бойынша семинарлар, дөңгелек үстел мен конференциялар ұйымдастыру;

-       Қазақстан Республикасындағы оқу орындары, ғылыми мекемелермен ғылыми байланыстар орнату;

-       журналдардың арнайы шығарылымдарын дайындау, институттың шетелдік әріптестерімен бірлесе отырып халықаралық ғылыми конференциялар өткізу.

Институтты 2014 жылдан бастап ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Ж.Ө. Өтесінов басқарды. 2017 жылдың қыркүйегінен бастап ҒЗИ директоры - саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Ө. Насимов.

«Болашақ» ҒЗИ құрамына кіреді: Космосты зерттеу лабораториясы; Агробиотехнологиялық ғылыми-зерттеу лабораториясы; Әлеуметтік-экономикалық және саяси зерттеулер орталығы. Алдағы уақытта педагогика және филология ғылымдары бойынша жаңа ғылыми-зерттеу орталықтарын ашу жоспарлануда.

2014 жылдан бастап институт чехиялық «Sociosféra-CZ» Ғылыми-баспа орталығымен бірлесе отырып жыл сайын «Қазіргі шарттардағы тәрбиенің мақсаттары, міндеттері мен құндылықтары» және «Адам мен қоғам қауіпсіздігі әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың мәселесі ретінде» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізіп келеді. Сонымен қатар, институт ресейлік «Молодой ученый» журналының арнайы шығарылымдарын дайындайды.