1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer

Институт директоры

 

 

 

Насимов Мұрат Өрленбайұлы – «Болашақ» ҒЗИ директоры

Саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. 2003 жылы «Болашақ» университетін («Тарих және география»), 2006 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін («Саясаттану») бітірген. Еңбек өтілі: 2004-2009 жж. – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты, аспиранты, оқытушы, аға оқытушысы.

2009-2011 жж. – «Болашақ» университетінің тарих және филология кафедрасының меңгерушісі.

2011-2013 жж. – «Болашақ» университетінің педагогика факультетінің деканы.

2013-2017 жж. – «Болашақ» университетінің тәрбие жұмысы және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры.

2017-2018 жж. – «Болашақ» университетінің ректоры міндетін атқарушы.

2017 жылдың қыркүйегінен бастап «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институтының директоры.

Мұрат Өрленбайұлы дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиясының (2013-14 жж.), «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2014» грантының, «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының рөлі туралы таңдаулы оқу баспасы» номинациясының иегері (2015 ж.) болып табылады. Ол Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың мүшесі, Саяси зерттеулер Ассоциациясы РҚБ Қызылорда филиалының директоры,  «Молодой ученый» (Ресей), «Социосфера» (Ресей), «Sci-article» (Ресей) журналдарының редакциялық алқа және «Қазіргі жағдайдағы тәрбие берудің мақсаты, міндеттері мен құндылықтары» және «Адам мен қоғамның қауіпсіздігі әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың мәселесі ретінде» (Чехия) атты ғылыми-тәжірибелік конференциясының халықаралық ұйымдастыру комитетінің мүшесі. «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» және «Қазақ хандығына 550 жыл» медальдарымен марапатталған. Ол ғылым мен білім берудегі жоғары жетістіктері үшін берілетін «Признание» ІІ Халықаралық конкурсының жеңімпазы.

Үйленген, бір баласы бар.

e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.