1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer

Агробиотехнологиялық лабаратория туралы ақпарат

АГРОБИОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ

 ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЛАБОРАТОРИЯСЫ

 Ғылыми-зерттеу лабораторияның құрылғаны туралы қысқаша мәлімет: Агробиотехнологиялық ғылыми-зерттеу лабораториясы 2014 жылдың  27 мамырында құрылды (Бұйрық 57-Б). 

Ғылыми-зерттеу лабораториясының жетекшісі – ауыл-шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент Ғалия Бекқожақызы Әлібекова.

Орналасу мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Абай даңғылы 31 А, «Болашақ» университетінің В оқу ғимараты, 408 В кабинет.

Байланыс телефоны: 8(701)2841453.

E-mail:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 Ғылыми-зерттеу лабораториясының негізгі мақсаты:

Агробиотехнологиялық лабораторияның негізгі мақсаты - ғылымның іргетасы негізін дамытуға және қолданбалы зерттеулердің нәтижесін ауыл шаруашылығына биология, экология ғылымдарына үлес қосуға бағытталған.

 Ғылыми-зерттеу лабораториясының міндеттері:

- берілген тақырыптар аясында жұмыстарды жүргізуге, дайындыққа, орындауға бірігіп көмек көрсетуін қамтамасыз етеді;

- зерттеу жұмысын интенсивтендіру және зерттеу нәтижесінде белгілі болған жаңа ғылымды жүргізу күрделілігін технологиялық тұрғыдан оңайлату, математикалық өндеулерді оңтайландырып, эксперименттік материалдар талдаумен, теориялық мәнін түсіндіру арқылы пайымдаулар жасалады;

- ағзадағы гормондар мөлшерін нақтылап, маусымдық қызметтерін түсіндірумен биотехнологиялық тәсілдерге жаңа физиологиялық бағдар бағыттарға пайдаланып,  практикаға енгізуді ойластырады. Сонымен қатар, негізгі қорытындылар оқу үдерісіне және студенттер магистрлер ғылыми-зерттеу жұмыстарына пайдаланып, ғылыми-педагогикалық біліміне қолданыс табуға, біліктілігін арттыруға, мамандықтардың сапасын көтеруге көмегін береді;

- зерттеу қорытындыларын халықаралық конференциялар, семинарларға қатысып, жариялау, тақырыптың арнаулы пәндерге сабақ жүргізуіне пайдаланады, жаңа түсініктемелер береді;

- тәжірибе жүзінде алынған материалдардың өнделген мәліметтерін ғылыми негізге алып, еліміздің және шет ел басылымдарында жарияланады;

- алынған жаңа материалдар негізінде семинарлар, конференциялар ұйымдастырылады. Мұндағы баяндамаларды негіз етеді, ақпараттық мәліметтердің желісіне пайдаланады;

- мәліметтер жиынтығын ұйымдастырып, толықтырып, бағдарламалық ақпараттық өнімдер жүйелілігін қамтамасыз етеді;

- эксперименттік материалдарды дайындап, математикалық өндеулермен тиянақтап, ғылыми есептер жазуға пайдаланады.

Ғылыми-зерттеу лабораториясының негізгі бағыттары

-       Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылыми гранттық конкурстарына қатысу;

-       атқарылатын жұмыстар бойынша ғылыми мекемелерімен байланыс орнату;

-       семинар, дөңгелек үстел және өзге де іс-шаралар өткізу жұмыстарына қатысу;

-       лабораторияның бағыттары бойынша кеңес берушілік, ақпараттық қызметтерді жүзеге асыру.

ҒЗЖ жұмысын жүргізу барысында алынған ғылыми нәтижелер шет елдік және отандық журналдарда жарияланады.

 Ғылыми-зерттеу лабораториясы мүшелерінің тізімі:

Әлібекова Ғалия Бекқожақызы – Орталық жетекшісі, ауыл-шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент;

Өтесінов Жарылқасын – ауыл-шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор;

Жанзақов Марат Мықтыбайұлы - ауыл-шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент;

Сатаева Дариха Карим-Шамалиқызы - ауыл-шаруашылығы ғылымдарының кандидаты;

Садуақасов Мағауия - ауыл-шаруашылығы ғылымдарының кандидаты;

Баширова Жадыра Ерсайымқызы – магистр.

 Ғылыми-зерттеу лабораториясы  жобалары (университетішілік):

«Көбею биотехнологиясы» (2017-19 жылдарға арналған).