1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer

Әлеуметтік-экономикалық және саяси зерттеулер орталығы

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫ

 Ғылыми орталық құрылғаны туралы қысқаша мәлімет: Әлеуметтік-экономикалық және саяси зерттеулер орталығы 2014 жылдың  27 мамырында құрылды (Бұйрық 57-Б). 

Ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі – саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Мұрат Өрленбайұлы Насимов.

Орналасу мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Абай даңғылы 31 А, «Болашақ» университетінің D оқу ғимараты, 313 D кабинет.

Байланыс телефоны: 8 (7242) 23-45-15,

E-mail:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 Ғылыми орталықтың негізгі мақсаты: ғылыми-зерттеу жұмыстары мәселелерін шешу бойынша ұжымның ғылыми әлеуетін тұрақты түрде дамыту және толықтай пайдалану.

 Ғылыми орталықтың міндеттері:

-   Орталық дамуы бойынша жүргізілетін жұмыстар тиімділігін қамтамасыз ету;

-  Институт директоры үшін есеп беру құжаттамалары мен ағымдағы жедел ақпараттарды әзірлеу;

-  Орталықтың жылдық жоспарларын әзірлеу;

-  Орталықтың тақырыптық жоспарында көрсетілген ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.

 Ғылыми орталық қызметінің негізгі бағыттары:

-     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылыми гранттық конкурстарына қатысу;

-     атқарылатын жұмыстар бойынша ғылыми, шығармашылық, білім беру мекемелерімен байланыс орнату;

-     семинар, дөңгелек үстел және өзге де іс-шаралар өткізу жұмыстарына қатысу;

-     Орталықтың бағыттары бойынша кеңес берушілік, ақпараттық қызметтерді жүзеге асыру.

 Ғылыми орталық 2014 жылдан бастап «Молодой ученый» журналының арнайы шығарылымдарын әзірлеп келеді. Сонымен бірге, чехиялық «Социосфера» Ғылыми-баспа орталығымен бірлесе отырып «Қазіргі шарттардағы тәрбиенің мақсаттары, міндеттері мен құндылықтары» және «Адам мен қоғам қауіпсіздігі әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың мәселесі ретінде» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтіп тұрады.  

 Ғылыми орталық мүшелерінің тізімі:

Насимов Мұрат Өрленбайұлы – орталық жетекшісі, саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор;

Арғынбекова Гүлнар Ишанбекқызы – заң ғылымдарының кандидаты;

Райымбекова Айман Төребекқызы - экономика ғылымдарының кандидаты;

Еспенбетова Алтын Түменбайқызы – тарих ғылымдарының кандидаты;

Жұбаниязов Икрам Шахатұлы – тарих ғылымдарының кандидаты;

Ахметов Молдаш Мелдібекұлы – заң ғылымдарының кандидаты;

Сейсекеев Алмат Оразғалиұлы - экономика ғылымдарының кандидаты;

Мұратбаева Гүлмира Алмабекқызы - экономика ғылымдарының кандидаты;

Ажмухамедова Асем Асқарқызы - экономика ғылымдарының кандидаты;

Паридинова Ботагөз Жаппарқызы – магистр;

Сүлейменова Заида Камалқызы – магистр.

 Ғылыми орталық жобалары (университетішілік):

«Саяси жарнаманың Қазақстан Республикасында дамуы (2008 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін)» (2014-17 жылдарға арналған);

«Сананы жаңғырту бағыттарының мәні, мазмұны және түсініктері» (2017-18 жылдарға арналған);

«Туған жер», «Киелі Қазақстан» бағдарламаларын жүзеге асырудағы мұрағат құжаттарының деректік маңызы» (2017-18 жылдарға арналған);

«Қазақстанның экономикасына жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстың ықпалы» (2017-20 жылдарға арналған).