1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer

«Болашақ» университеті

 

«Болашақ» университеті – Қазақстан Республикасының аймақтық білім және мәдениет орталығы.

 

Университетте білім беру ісі 42 бакалавриат, 6 магистратура мамандықтары бойынша 2 факультетте, 7 кафедрада, 32 мамандық бойынша университет колледжінде және 6 медициналық мамандық бойынша «Болашақ» медициналық колледжінде жүргізіледі. «Болашақ» университетінің бүгінгі таңдағы миссиясы – отандық ғылымның алдыңғы қатарында болып, егемен еліміздің экономикасына ең жақсы кадрлар даярлау.

«Болашақ» университеті

Күнтізбе

<< < Ақпан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Талапкер 2018

Студенттер назарына

platonus

nu
enu
global
 

«Болашақ» жастары


Жаңа зерттеу жұмысы жарық көрді

 

 

 

Өткен жылдың соңында «Болашақ» университетіндегі «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанынан «Руханият» ғылыми-зерттеу орталығы ашылған болатын. Орталықтың мүшелері қатарына университеттің филология және журналистика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы енді.2018 жылы орталық екі жобаны қолға алды: «Сыр бойының рухани мұрасы», «І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясындағы мақал-мәтелдердің ағылшын тіліне аударылуы». Ғылыми-зерттеу тобы өз жұмысын белсенді түрде бастады.Жақында «Сыр бойының рухани мұрасы» жобасы бойынша алғашқы зерттеу жұмысы жарыққа шықты. Еңбек «Қазіргі Сыр бойы ақындар айтысындағы көркемдік ізденістер (2000-2014 жж.)» деп аталады. Кітап авторлары филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Т. Тайманова және филология ғылымдарының магистрі А.А. Жөкенова.

 

 

Өткен жылдың соңында «Болашақ» университетіндегі «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанынан «Руханият» ғылыми-зерттеу орталығы ашылған болатын. Орталықтың мүшелері қатарына университеттің филология және журналистика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы енді.

 

2018 жылы орталық екі жобаны қолға алды: «Сыр бойының рухани мұрасы», «І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясындағы мақал-мәтелдердің ағылшын тіліне аударылуы». Ғылыми-зерттеу тобы өз жұмысын белсенді түрде бастады.

 

Жақында «Сыр бойының рухани мұрасы» жобасы бойынша алғашқы зерттеу жұмысы жарыққа шықты. Еңбек «Қазіргі Сыр бойы ақындар айтысындағы көркемдік ізденістер (2000-2014 жж.)» деп аталады. Кітап авторлары филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Т. Тайманова және филология ғылымдарының магистрі А.А. Жөкенова.

 

Жалпы кітап үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде қазіргі Сыр өңірі айтыс өнерінің даму тарихы мен зерттелуі, қазіргі айтыс және оның ерекшелігі талданады. Екінші бөлімде ел тәуелсіздігі мен ұлттық рухты жырлаған айтыстар, айтыс ақындарының экологиялық ой-толғаныстары қарастырылады. Үшінші бөлім қазіргі айтыстардың идеялық ерекшеліктері, айтыс ақындарының тіл көркемдігін сараптауға арналған.

 

Кітапқа Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты А.Е. Айтбаева, «Болашақ» университетінің аға оқытушысы, магистр Л.Е. Сапартаева пікір жазған.