1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer

«Болашақ» университеті

 

«Болашақ» университеті – Қазақстан Республикасының аймақтық білім және мәдениет орталығы.

 

Университетте білім беру ісі 42 бакалавриат, 6 магистратура мамандықтары бойынша 2 факультетте, 7 кафедрада, 32 мамандық бойынша университет колледжінде және 6 медициналық мамандық бойынша «Болашақ» медициналық колледжінде жүргізіледі. «Болашақ» университетінің бүгінгі таңдағы миссиясы – отандық ғылымның алдыңғы қатарында болып, егемен еліміздің экономикасына ең жақсы кадрлар даярлау.

«Болашақ» университеті

Күнтізбе

<< < Ақпан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Талапкер 2018

Студенттер назарына

platonus

nu
enu
global
 

«Болашақ» жастары


Компьютерлік модельдеудегі жаңа қадам

 

 

 

«Болашақ» университететінің информатика, ақпараттық жүйелер және дизайн кафедрасы, «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы космосты зерттеу лабораториясы «Физикон» электронды аудиовизуалды бағдарламасы базасындағы компьютерлік модельдеудің барлық бөлімдері бойынша Физика «Механика, молекулярлық физика, электродинамика негіздері, тербелістер мен толқындар, кванттық физика» оқу-әдістемелік құралын шығарды. Жұмыс авторлары техника ғылымдарының кандидаты, профессор В.В. Свечников, магистрлер С.К. Еркебаева және Ә.Қ. Мырзанова.Университет студенттері оқу-ақпараттық сыныбында әзірленген құрал бойынша қауіпсіздік техникасы ережелері мен берілген ықтимал қателікті ескере отырып, физиканың барлық бөлімдері бойынша компьютерлік модельдеуді жүргізеді, есеп шығарады, үлгі бойынша жұмыстарды рәсімдейді, сабақ хаттамаларын құрып, сызбалар мен графикасын орындайды.

  

«Болашақ» университететінің информатика, ақпараттық жүйелер және дизайн кафедрасы, «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы космосты зерттеу лабораториясы «Физикон» электронды аудиовизуалды бағдарламасы базасындағы  компьютерлік модельдеудің барлық бөлімдері бойынша Физика «Механика, молекулярлық физика, электродинамика негіздері, тербелістер мен толқындар, кванттық физика» оқу-әдістемелік құралын шығарды. Жұмыс авторлары техника ғылымдарының кандидаты, профессор В.В. Свечников, магистрлер С.К. Еркебаева және Ә.Қ. Мырзанова.

Университет студенттері оқу-ақпараттық сыныбында әзірленген құрал бойынша қауіпсіздік техникасы ережелері мен берілген ықтимал қателікті ескере отырып, физиканың барлық бөлімдері бойынша компьютерлік модельдеуді жүргізеді, есеп шығарады, үлгі бойынша жұмыстарды рәсімдейді, сабақ хаттамаларын құрып, сызбалар мен графикасын орындайды.

Компьютерлік модельдеу әдістерін жетілдіру үшін студенттерге астрофизиканың жаңа бөлімдерін қамти отырып EXCEL және Delphi бағдарламаларымен виртуалды лабораториялық жұмыстарды жеке жасау ұсынылады. Бұл компьютерлік модельдеу процесін қызықты және танымды ете түседі.

Ядролық физика бөлімінде Д. Менделеев периодтық жүйесінде көрсетілген сан бойынша атомның электронды қабығы жасалып, электронды қабатының мөлшері, қарапайым бөлшектерінің саны, радиоактивтілігі көрсетіледі.

Астрономия бөлімінде Күн жүйесі планеталары қозғалысының динамикалық жүйесі модельденіп, Күн жүйесіндегі барлық планеталар гравитациясының жиынтық күші есептеледі, кесте жасалады. Нәтижесінде берілген уақыттағы Күн белсенділігін болжауға болады.

Берілген жұмысқа техника ғылымдарының докторы, профессор Ө.Ү. Үмбетов пікір білдірген.