1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer

«Болашақ» университеті

 

«Болашақ» университеті – Қазақстан Республикасының аймақтық білім және мәдениет орталығы.

 

Университетте білім беру ісі 42 бакалавриат, 6 магистратура мамандықтары бойынша 2 факультетте, 7 кафедрада, 32 мамандық бойынша университет колледжінде және 6 медициналық мамандық бойынша «Болашақ» медициналық колледжінде жүргізіледі. «Болашақ» университетінің бүгінгі таңдағы миссиясы – отандық ғылымның алдыңғы қатарында болып, егемен еліміздің экономикасына ең жақсы кадрлар даярлау.

«Болашақ» университеті

Күнтізбе

<< < Сәуір 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Талапкер 2018

Студенттер назарына

platonus

nu
enu
global
 

«Болашақ» жастары


«Болашақ» университетінде «Ғылыми жобалар бойынша гранттық қаржыландырудың конкурстық құжаттарын әзірлеу» тақырыбында семинар өтті

 

Жақында «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты «Ғылыми жобалар бойынша гранттық қаржыландырудың конкурстық құжаттарын әзірлеу» тақырыбында семинар өткізді. Семинар жұмысына «Болашақ» университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттары, «Болашақ» университетінің колледжі мен «Болашақ» Медициналық колледжінің оқытушылары қатысты.

Семинар барысында конкурстық құжаттарды әзірлеу процестерінің барлық кезеңдері анықталды. Ғылыми жобалар бойынша гранттық қаржыландырудың конкурстық құжаттарын әзірлеу барысындағы қатысу өтінімінің мазмұны мен нысанына, ортақ қаржыландыру көлемі мен шарттарына қойылатын талаптар, әлеуетті орындаушыға қойылатын біліктілік талаптары бойынша ақпараттар беріліп, конкурсқа қатысу өтінімін ұсыну тәртібі бойынша кейбір ұсынымдар жасалды.

Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. «Болашақ» ҒЗИ семинар жұмысын «Болашақ» университеті колледжімен бірлесе отырып өткізді. Семинарды «Болашақ» ҒЗИ директоры, саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Ө. Насимов жүргізді.