1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer

«Болашақ» университеті

 

«Болашақ» университеті – Қазақстан Республикасының аймақтық білім және мәдениет орталығы.

 

Университетте білім беру ісі 42 бакалавриат, 6 магистратура мамандықтары бойынша 2 факультетте, 7 кафедрада, 32 мамандық бойынша университет колледжінде және 6 медициналық мамандық бойынша «Болашақ» медициналық колледжінде жүргізіледі. «Болашақ» университетінің бүгінгі таңдағы миссиясы – отандық ғылымның алдыңғы қатарында болып, егемен еліміздің экономикасына ең жақсы кадрлар даярлау.

«Болашақ» университеті

Күнтізбе

<< < Қазан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Талапкер 2018

Студенттер назарына

platonus

nu
enu
global
 

«Болашақ» жастары


«Бір ел – бір кітаﻬ акциясы

 

 

2007 жылы ҚР кітапханашылар Ассоциасының бастамасымен ұсынылып келе жатқан «Бір ел – бір кітап»­ акциясына биылғы жылы Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары, Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» және Немат Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» кітаптары ұсынылған еді. Үш ғасырдың көрнекті өкілдерінің бұл туындылары – ­ жастардың рухын көтеретін, ерлік пен батырлыққа, патриотизмге шақыратын, өмірге құштарлыққа баулитын шығармалар.2018 жылдың 26-қыркүйек күні Филология және журналистика кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты С.Тайманованың жетекшілігімен «Жас қанат» әдеби-шығармашылық үйірмесі осы шығармалар аясында ой-талқы ұйымдастырды. Ой-талқыға Педагогика факультетінің студенттері қатысты. Акцияға студенттер ғана емес «Филология және журналистика» кафедрасының оқытушы-профессорлар да қатысып, үш ғасырдың көрнекті өкілдерінің танымал туындылары туралы өз ой-пікірлерін ортаға салды. Ой-талқы ашық форматта қызу әрі тартымды өтті. Басты мақсат ­– студенттерге рухани азық ­– кітап оқу арқылы ұлттық құндылықтарымызды насихаттау, заман талабына сай сананы жаңғырту, дүниетанымын кеңейту, оқу сапасын дамыту, рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа, адамгершілікке, тәрбиелеу.