1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer

«Болашақ» университеті

 

«Болашақ» университеті – Қазақстан Республикасының аймақтық білім және мәдениет орталығы.

 

Университетте білім беру ісі 42 бакалавриат, 6 магистратура мамандықтары бойынша 2 факультетте, 7 кафедрада, 32 мамандық бойынша университет колледжінде және 6 медициналық мамандық бойынша «Болашақ» медициналық колледжінде жүргізіледі. «Болашақ» университетінің бүгінгі таңдағы миссиясы – отандық ғылымның алдыңғы қатарында болып, егемен еліміздің экономикасына ең жақсы кадрлар даярлау.

«Болашақ» университеті

Күнтізбе

<< < Қараша 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Талапкер 2018

Студенттер назарына

platonus

nu
enu
global
 

«Болашақ» жастары


«Ұстазым – ұлағатым, үлгі-өнегем»

        «Ұстаз» – құрметті сөз. Ол – адамдардың өмірге көзқарасын, бір-біріне деген сый, құрмет сезімін қалыптастыратын, білім мен тәрбиенің ұрығын шашатын, адамгершіліктің нұрын төгетін адам. Ұстаз - жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғамдық қайраткер, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейтеді. Ұстаздар мерекесіне орай 4 қазан күні Болашақ универсиететінің студенттер сарайында «Педагогика» факультеті, «Педагогика, психология және дефектология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ұстазым – ұлағатым, үлгі-өнегем» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Басты мақсаты - студенттерді ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Іс-шарамыздың барысында алғашқы құттықтау сөз университетіміздің оқу ісі жөніндегі проректоры э.ғ.к. Г.Ж. Рысмахановаға беріліп, ұстаздарымызды төл мерекесімен құттықтап, ҚР білім және ғылым минстірінің құрмет және алғыс хаттарымен марапаттай отырып, облыс әкімінің құттықтау алғыс хаттарын табыстады. Сонымен қатар, «Педагогика» факультетінің студенттері әнімен, биімен, керемет өлең шумақтарымен өз өнерлерін көрсете отырып, ұстаздарымызды видеоролик арқылы құттықтап, шоқ гүлдерін ұсынды.

Ұйымдастырушылар: «Педагогика» факультеті

«Педагогика, психология және дефектология» кафедрасы