ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ

Енгізілді: 09.10.2019Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 1756 рет

Бүгін «Болашақ» университетінің басшылығы мен іскер әкімшілдік докторы, MIRBIS Мәскеу халықаралық жоғары бизнес мектебінің оқытушысы, AMBA және маркетинг бойынша Гильдия мүшесі Киселев Владимир Дмитриевичпен іскерлік кездесу болып өтті, оның барысында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумның мақсаты:

 - оқытушыларға «Кейкис» форматындағы тиісті әлеуметтік-экономикалық зерттеулерді (В.Д. Киселевтің әдістемесі бойынша) жасауға үйрету;

- маркетингтік, басқарушылық және корпоративті тақырыптар бойынша дәрістер оқу және белсенді оқыту формаларын өткізу;

- әр түрлі ғылыми және білім беру іс-шараларына, атап айтқанда, «Болашақ» университетіндегі қызмет аясындағы бағдарламалар, жобалар мен іс-шараларға ғылыми жетекшілік ету және т.б.;

Сапар барысында Киселев В.Д.  жаңа кампуспен танысты, университеттің көлемімен, жабдықталуымен және жетістіктерімен таң қалды. Қонақ білім беру процесінің сапасын арттыру және жақсарту бойынша бірнеше идеялар мен ұсыныстар айтты, ғылымды дамыту бойынша ұсыныстар берді, сонымен қатар «KEYKIS форматында авторлық жобаның әлеуметтік-экономикалық жағдайын қалай жазу керек» авторлық әдістемелік құралдарды университет кітапханасына сыйға тартты.