ҰСТАЗ-БІЛІМ ШАМШЫРАҒЫ!

Енгізілді: 09.10.2019Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 1732 рет

«Болашақ»  университеті, жоғары және жоғары медициналық колледждерінде Ұстаздар күніне арналған  «Ұстаз-білім шамшырағы!» атты салтанатты кеш өткізілді. Салтанатты кеште «Болашақ» университетінің ғылыми жетекшісі, экономика ғылымдарының докторы,  Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Досманбетов Бақберген Сәрсенұлы,  Nur Otan партиясы  Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әбдірахманов Шәріп Әкбарұлы және «Болашақ» университетінің ректоры,  техника ғылымдарының кандидаты Дауренбеков Қуаныш Қойшығұлұлы сөз сөйледі.  Сонымен қатар, арнайы мерекеге орай «Nur Otan» партиясының Алғыс Хаттарымен және университет ректорының Алғыс хаттарымен бірқатар профессор-оқытушылар және қызметкерлер марапатталды. Шара барысында концерттік бағадарлама қойылып және ұстаздарды құттықтау үшін  арнайы қонақ ретінде университет түлегі, мақтанышы және көптеген республикалық, облыстық байқауларының жеңімпазы, "Жаңғыру жолы" жастар қозғалысының белсендісі  Луца Константин келіп, ұстаздарға құттықтау лебіздерін айтып, әндерін шырқады.