БИЗНЕС-ИНКУБАТОР: "MOODFOOD" СТУДЕНТТІК ДҮКЕНІ АШЫЛДЫ

Енгізілді: 09.10.2019Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 1880 рет

 

Университет басшылығының қолдауымен, 2 курс студенті Мырзаханов Ғасырхан "барлығы студенттер үшін" форматындағы  - "MOODFOOD" дүкенің  ашты.  Бұл дүкенде барлығы қарастырылған: тағам өнімдері, кеңсе және тұрмыстық тауарлар бар, сонымен бірге компьютерлік қызметтер де көрсетіледі. Айта кету керек, дүкен Студенттік үйінде ашылды, жатақхана тұрғындары үшін бұл өте ыңғайлы және бағалары да қолжетімді.  Ал сатушылар ретінде Ғасырхан студенттерді тартты, сабақтан тыс уақытта олар дүкенде жұмыс жасайды. Университеттің "Бизнес-старт" бизнес-инкубаторы алдағы уақытта да  жас кәсіпкерлерге өз идеялары мен жобаларын іске асыруға барлық жағдай жасау үшін күш салады.