ҚАРТТАРЫМ-АСЫЛ ҚАЗЫНАМ!

Енгізілді: 09.10.2019Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 1889 рет

1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай «Болашақ» университетінің белсенділері Қызылорда қаласы Қарттар мен мүгетектерге арналған интернат үйінде мерекелік концерт қойды.Осыдан 29 жыл бұрын, яғни, 1990 жылы желтоқсан айының он төртінші жұлдызында Бас Ассамблея 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялаған болатын. Асылында, бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды.Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат —қарт адамдарға, жалғызбасты қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге көңіл бөлу, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету болып табылады.

Мерекелік шарада студенттер өз өнерлерін көрсетті, әндер орындап, би билеп, ата-әжелерді ортаға билеуге шақырды. Түрлі ойындар ойнатылып, кішкене сыйлықтар таратып, бірге әндерді айтуға тартты. Кеш өте жақсы денгейде өтті, мерекелік кеш соңында ата-әжелер  баталарын беріп, разылықтарын білдірді.