ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ - ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ УНИВЕРСИТЕТТІҢ ДАМУ ФАКТОРЫ

Енгізілді: 11.11.2019Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 1993 рет

Ресейлік ғалымдардың «Болашақ» университетіне жұмыс сапары аясында, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Ресей ғылым академиясының психологиялық-экономикалық зерттеулер орталығының (Саратов қ., РФ) директоры  Александр Неверов (РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясы) және психологиялық-экономикалық зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері Голубев Федор Сергеевич сол жағалаудағы орналасқан  университеттің жаңа кампуспен және студенттердің оқу - тәрбие үдерісі үшін жасалған жағдайлармен танысты.

        Сондай-ақ сапар барысында «Болашақ» университеті мен Ресей ғылым академиясының Саратов ғылыми орталығының психологиялық-экономикалық зерттеулер орталығы арасында келісімге қол қойылды. Келісімнің басты мақсаты - бірлескен ғылыми, білім беру, инновациялық жобаларды жүзеге асыру, техникалық жиналыстарды, семинарларды, көпшілікке арналған дәрістерді, конференцияларды, дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру және өткізу, бірлескен жұмыс топтарын құру, базалық кафедраларды бастауыш және бірлескен ғылыми орталықтар және басқа да ұйымдастыру.

            Жуырда «Болашақ» университеті «Экономикалық саясаттың когнитивті-мінез-құлық және мәдениетаралық негіздері» халықаралық жобасын жүзеге асыруға қатысуды жоспарлап отыр.