ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ

Енгізілді: 11.11.2019Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 1703 рет

2019 жылдың 19 қазанында «Болашақ» университетінің мәжіліс залында «Экономика, аудит, бизнес» кафедрасының ұйымдастыруымен экономика ғылымдарының докторы, профессор, Саратов қаласының психологиялық және  экономикалық зерттеулер орталығының директоры  Александр Неверовтың және  психологиялық және экономикалық зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері Голубев Федор Сергеевичтің қатысуымен «Қазіргі Қазақстандағы экономикалық психологияның даму келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

         Дөңгелек үстелдің мақсаты - әртүрлі санаттағы азаматтар мен ұйымдардың экономикалық қызметінің стильдері мен түрлерін қалыптастырудың мәдениаралық және когнитивті негіздерін анықтау, экономикалық психологиядағы жобаларды бірлесіп зерттеу және жүзеге асыру.

Дөңгелек үстелде келесідей баяндамалар тыңдалды:

-«Бірлескен зерттеулер саласындағы ынтымақтастық туралы» (ректор, т.ғ.к. Дауренбеков К.К.);

- «Экономикалық саясаттың когнитивті-мінез-құлық және мәдениетаралық негіздері» бірлескен жобасында ынтымақтастық пен тәжірибелік алаң құру перспективалары» (э.ғ.д., профессор А. Неверов);

 - «Қазіргі қоғамдағы кәсіпкерлік психологиясы (Қызылорда облысы мысалында)» (проректор, пс.ғ.м. Базарханова М.Б.);

- Қазақстандағы маркетингтік зерттеулердің мәдениаралық ерекшеліктері

 (э.ғ.к., доцент Жусупова Г.А.);

- «Сыбайлас жемқорлық және оның психологиялық факторлары» («Құқықтану» мамандығының 4 курс студенті А.Ондасын).

         Дөңгелек үстел жұмысына «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Ж.Б.Сқақова, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының туризмді дамыту бөлімінің басшысы М.С.Абайдуллаев, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда филиалының доценті А.Ж. Аяғанова және оқытушылар, жас мамандар, студенттер қатысты. Дөңгелек үстел соңында қонақтар университеттің мұражайларымен және телестудия жұмысымен танысты.