Қазақстанның бес мистикалық жерлері

Енгізілді: 11.11.2019Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 1708 рет

2019 жылдың 6 қазан күні «Компьютерлік ғылымдар және математика» кафедрасының  ИС-19, ВТПО-19 оқу топтары ұйымдастыруымен «Қазақстанның бес мистикалық жерлері» тақырыбындаға тәрбие сағаты өтті. Топ эдвайзері, «Компьютерлік ғылымдар және математика» кафедрасының оқытушысы Искакова Қарлығаш Утегеновна бұл тәрбие сағаты «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Қазақстаның рухани киелі жерлері», «Қазақстанның сакралдық географиясы» арнайы жобасы аясындажүргізіліп жатқаның атап өтті.

Тәрбие сағатының мақсаты- Қазақстанның тарихи және мәдениет ескерткіштерді,  киелі жерлерді танымал ету, сақтау, қалпына келтіру.

Кафедра студенті Ахбай Ислам Серікбайұлы  «Қазақстаның бес мистикалық жерлері» тақырыбындағы баяндама оқып, студенттерді Өлі көл, Барсакелмес қорығы, Үстірт шоқысы, Медеудегі қаңыраған үй және Қиын Керіш алқабы деген мистикалық жерлерімен таныстырды.