«I-VENT» ОБЛЫСТЫҚ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ МЕН ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖОБАЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

Енгізілді: 05.12.2019Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 1741 рет

2019 жылдың 29 қараша күні «Рухани жаңғыру» орталығы мен "Болашақ" университетінің ұйымдастыруымен «I-Vent» облыстық колледж студенттері мен жоғары сынып оқушыларының қатысуымен инновациялық және бизнес жобаларының форумы өтті.

Бизнес пен инновация саласының келешегі болып табылатын жастардың кәсіпкерлік қызметін дамытып, оларға қолдау көрсетуді мақсат еткен бұл бастама жалғасын таппақ.


Мәселен, ең үздік деп танылған екі жобаның авторына жұмыстарын жетілдіру мақсатында "Болашақ" университеті ректорының сертификаты табысталады.

«I-Vent» инновациялық және бизнес жобалар форумында тындалған Ең үздік жоба авторларын қарсы алыңыздар:

№15 мектеп-лицей оқушылары Байғабылова Аймерей мен Айдарбек Дана және Назарбаев Зияткерлік мектебінің ең жас зерттеушісі Байсбаев Уалихан.
Жас өнертапқыш, болашақ кәсіпкерлер енді «Болашақ» университетінің ғалымдарымен бірлесе отыра жұмыс жасайды. Сәттілік тілейміз!