БІЗДІҢ СТУДЕНТ "SCIENCE SLAM KAZAKHSTAN-2019" ЖАРЫСЫНДА!

Енгізілді: 05.12.2019Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 1704 рет

7-8.10.2019 күндері Тараз қаласында "Инновационное развитие и востребованость науки в современном Казахстане" тақырыбында Қазақстан Республикасының Тұңғыш президентінің қорының ұйымдастыруымен халықаралық ғылыми конференция өтті.

500-ге жуық Қазақстандық және жақын шет елдік жас ғалымдар М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне жиналып, өздерінің ғылыми жобаларын қорғап шықты.

Елбасы қорынан ұйымдастырылған "Science Slam" интеллектуалды жарысында өзекті жобалар болды.

"Болашақ" университеті атынан 2-курс студенті Дайырбек Нұрдәулет қатысып, өз жобасын қорғап, 500-ге жуық жобалардың ішінен жобасы үздік 10 жобаға еніп, нәтижесінде "SCIENCE SLAM" форматындағы өткен инновациялық идеялар жарысында лауреаты атанды!  Елбасы қорынан бағалы сыйлықтар табысталды.