БОЛАШАҚ ЗАҢГЕРЛЕР СОТ КАБИНЕТІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Енгізілді: 05.12.2019Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 1919 рет

2019 жылы маусымда Қазақстанда Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранттық қаржыландыруы арқылы «Eurasian Expert Council» қоғамдық қоры Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен қиын жағдайға тап болған адамдардың құқықтық білім деңгейін көтеруге бағытталған «Qorgau» адам құқықтары жобасын жүзеге асырады.

«Болашақ» университеті «Eurasian Expert Council» қоғамдық қорымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды және «Қорғау» жобасының серіктесі болып табылады.

Осы меморандум аясында қызылордалық «Qorgau» жобаның заң кеңесшісі Ляззат Бақтыбаеваның қатысуымен студенттер - болашақ заңгерлермен Қазақстан Республикасының әділет органдарының электрондық қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі - электрондық кабинеттің жұмысымен таныстыру мақсатында семинар өткізді.

Семинар барысында, студенттер сот кеңсесінің ақпараттық технологияларды қолданып жаңа форматта қалай жұмыс жасайтындығын және соттарға құжаттарды электрондық құжат нысанында беру құралдарын техникалық қолдану, оларды тіркеу, өңдеу қағидаларымен танысты. Семинар соңында әр қатысушы сертификат алды. Жобаның үйлестірушісі Анар Ізден ханымға болашақ заңгерлердің кәсіби құзіреттілігін дамытуға қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз.