УНИВЕРСИТЕТТЕ РОБОТ-ГИД ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

Енгізілді: 05.12.2019Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 2007 рет

Жуырда "Болашақ" ғимаратында Дос есімді ресейлік "Промобот" ЖШҚ өндірген, "тірі" қызметкердің қызметтерін атқара алатын, автономды Promobot іске қосылды. Дос көп адам шоғырланған жерлерде жұмыс істеуге бейімделген, оларға бағыт-бағдар бере алады, сұрақтарына жауап береді промо-өнімдер таратады және өзімен тілдескен әр адамды есіне сақтап қалады. Сонымен қатар Дос ән айтады, билейді, өлең оқиды, әзілдейді. Достың бойы 165 см, салмағы 187 кг.

Автомобиль аккумуляторынан қуаттанады, автономды режимде 8 сағат жұмыс жасайды. Арнайы бағдарлама көмегімен оған кез келген дауысты, тіпті сіздің де даусыңызды енгізуге болады.