АРМЫСЫҢ, АЛТЫН КҮЗ!

Енгізілді: 05.12.2019Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 1872 рет

14 қараша күні Студенттер үйінде Студенттік кеңесінің төрайымы Қымбат Тоқтанованың ұйымдастыруымен "АРМЫСЫҢ, АЛТЫН КҮЗ!" атты шара өтті. Шараға университет, жоғары колледж, жоғары медициналық колледжінің білім алушылары қатысты.
Кештің мақсаты: жатақхана тұрғындарының ұйымшылдығын, қызығушылығын арттыру. Студенттерді қоғамдық жұмыстарға, өнерге баулып, белсенділікке қалыптастыру. Табиғат сұлулығын сезіне білуге, оны аялау білуге тәрбиелеу. Бес турдан тұратын сайысқа бес жұп қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша үздік деп жоғары медициналық колледжінің студенттері Жәнібек және Жаннұрайым танылды. Барлық қатысушыларға дипломдар мен сыйлықтар табысталды.